Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар



Pdf көрінісі
бет255/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар 
Екіншілік (жүре пайда болған) иммунды тапшылық жағдайлар 
дегеніміз
— 
иммунды жүйеге түрлі зақымдардын әсер етуінен 
қалыптасатын клиникалық иммунологиялық синдромдар. Екіншілік 
иммунды тапшылықтар иммунды қорғаныстың арнайы және/немесе 
арнайы 
емес 
факторларының 
мөлшерлік 
және 
функционалдық 
көрсеткіштерінің айқын және тұрақты төмендеуімен сипатталады.
Екіншілік иммунды тапшылықтар, сонымен қатар, созылмалы 
жұқпалы 
аурулардың, 
аутоиммундық 
патологияның, 
аллергиялық 
аурулардың және қатерлі ісіктердің пайда болуының себебі болып келеді.
Екіншілік иммунды тапшылық жағдайлардың ерекшеліктері: 

Иммунды жүйенің бұзылыстары организмнің клиникалық тұрғыда да, иммунды-
зертханалық тұрғыда да қалыпты күйінде болғанында пайда болады, яғни 
екіншілік. 


253 

Иммунды жүйенің бұзылыстары айқын және тұрақты болуы тиіс, себебі 
иммунды жүйенің көрсеткштері өзгермелі және оның бөліктері бір бірін 
толықтырып, компенсациялап тұратыны белгілі. 

Иммунды жүйенің бұзылыстары тек қана мөлшерлік емес, функционалды да 
болуы тиіс. 

Иммунды жүйенің бұзылыстары арнайы (адаптивті) иммунитетке де, арнайы 
емес иммунитеттке де қатысты болуы мүмкін.

Кейбір адамдарда екіншілік иммунды тапшылықтың иммунды-зертханалық 
белгілері табылып, клиникалық көріністері, созылмалы шаршау сияқты, балама 
ғана болуы мүмкін. Бұндай кезде бұл адам екіншілік иммундытапшылықпен 
негізделетін 
патологияның 
(жұқпалы, 
аутоиммундық, 
аллергиялық, 
онкологиялық) дамуының “қауып аймағында” екендігін ескеру керек. Сонымен 
қатар, “қауып аймағында” болу – қайтармалы жағдай, иммунды реабилитация 
шараларымен бұл адамға әлі де көмектесу мүмкін.
Екіншілік ИТЖ қалыптасуына сабепкер келесі факторлар (259 
беттегі 36-шы сур.): 

физиологиялық (жасқа байланысты) факторлар;
 

ауруға шалдығу; 

ятрогендік факторлар; 

экологиялық факторлар; 

өмір салтының қауыпты факторлары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет