Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет259/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Протозойлық және гельминттік инвазиялар 
(малярия, трипаносоматоз, 
лейшманиоз, шистосомоз, трихинеллез и др.).
Екіншілік иммунды тапшылықтар бір қатар жұқпалы емес аурулар 
кезінде де қалыптасуы мүмкін


Адренокортикотропты 
гормон 
мен 
глюкокортикостероидтердің 
гиперпродукциясымен сипатталатын эндокринді аурулар кезінде. Бұл 
жағдайға, 
көбінесе, 
глюкортикостероидттердің 
жоғары 
концентрациясында болғанда иммунды депрессия шақыратын қасиетіне 
байланысты.

Бауыр, асқазан-ішек жолдарының және бүйректің созылмалы ауру 
кездерінде тамақтың өндірілуі мен қортылуының бұзылуынан және 
витаминдердің өндірілуі, белоктын метаболизмі және басқа алмасу 
үрдістерінің бұзыластармен байланысты.



Сонымен қатар, онкологиялық аурулар кезінде дамитын екіншілік ИТЖ 
жеке топты құрады. (“Ісікке қарсы иммунитет” бөлімін қараңыз).
 
Ятрогендік факторлар 
Екіншілік иммундытапшылықтардың қалыптасуына ятрогендік 
факторлар да қатысуы мүмкін. Оларға, біріншіден, 
дәрілік препараттар
жатады. 
Көптеген 
эксперименталды 
жұмыстарда 
және 
клиникалық 
тәжирибелерде 
цефалоспориндік 
және 
фторхинолондық 
тізбектің 
антибиотиктерінің
, левомицетиннің, стрептомициннің, тетрациклиннің, 
туберкулезге 
және 
саңырауқұлақтарға 
қарсы 
антибиотиктердің 
иммундыдепрессиялық әсері
табылған.
Сонда антибиотиктердің ең айқын иммундыдепрессиялық әсерлері 
ретінде вирустарға қарсы иммунитеттің төмендеуі, Т-лимфоциттердің 
функционалды белсенділігінің тежелуі, нейтрофилдер мен макрофагтардың 
фагоцитарлық белсенділігі азаюы жүзеге асады.
Онкологиялық, лимфопролиферативті және аутоиммундық аурулардың 
ем шарасы ретінде, сонымен қатар трансплантация кезінде қолданылатын 
дәстүрлі 
иммунодепрессанттар мен цитостатиктер 
иммуносупрессиялық 
әсер көрсетеді. 
Күшті иммундысупрессиялық әсер 
кортикостероидті гормондармен
емдеу кезінде де байқалады. Физиологиялық концентрациялардан тым 
жоғары мөлшерлерде кортикостероидті гормондар иммундыхабарлы 
жасушалардың миграциясы мен рециркуляциясын тежейді, белсенділіктерін 
басып тікелей лимфоцитотоксикалық әсер көрсете алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет