Транстопонимизацимя
- топонимдердің бір кластан екінші класқа ауысып, жаңа объектінің
атауы ретінде жұмсалуы. Мысалы,
Шыңғырлау-1)
өзен атауы, гидроним;
2)
кеңшар орталығы,
ойконим;
Бұлдырты- 1)
өзен атауы, гидроним;
2)
кеңшар орталығы, ойконим;
Аңқаты-1)
өзен
атауы, гидроним;
2)
кеңшар орталығы, ойконим;
Нарын 1)
өзен атауы, гидроним;
2)
құм атауы,
топоним;
Айдархан 1)
көл атауы, гидроним;
2)
елді мекен, ойконим.
Халықтық географиялық термин
- жергілікті географиялық термин. Белгілі бір аймақта ғана
қолданылатын детерминативтер.Мысалы,
қопа, самар
терминдері Батыс Қазақстан аймағында
жиі қолданыс табады.
Уәжді атаулар
- семантикалық мағынасы атауға сәйкес келетін есімдер.
Фитоним
- өсімдіктердің атаулары.
Фитонимия
- фитонимдердің жиынтығы.
Этнографиялық фактор
- жер-су атауларының халықтық тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына
сәйкес қалыптасуы.
Этномаркерлік топонимдер
- құрамында этнографизмі бар мәдени- этнографиялық ақпаратқа
ие топонимдер.
Этноним
- халық, ұлт, тайпа, тайпалық одақ атаулары.
Этнонимия
- этнонимдердің жиынтығы.
Этнонимизация
– жалпы есімдердің қызметінің өзгеруіне сәйкес этнонимдер қатарына
ауысуы.
Этнотопоним
- этнонимдердің қатысымен қалыптасқан жер-су атаулары.
Этнотопономия
- этнотопонимдердің жиынтығы.
|