Жалтыркөл, Ақжайық, Жалғызтал, Төбеқұдық, Қасқыртау, Көлтабан, Барбастау, Деркөл, Маштексай, Өгізқұдық, Талдыапан, Талдықұдық, Қуағаш, Бейістерек, Жалпақтал, Қаратөбе, Шошаққабақ, Маймақтөбе, Жолқұдық, Қойқұдық т.б.
Біріккен күрделі топонимдер дің көпшілігінің бір сыңары ұлттық географиялық
терминдерден келуі - жиі кездесетін құбылыс. Оларды сөз тудыратын жұрнаққа жақындатып,
соларға ұқсатып
топонимикалық форманттар деп атауы да осы актив қызметіне
байланысты болса керек. Ал дұрысында, оларды
ұлттық географиялық терминдер немесе
детерминативтер деп атайды. Шынында да, детерминативтер атау құрауда актив қызмет
атқарады. Батыс Қазақстан топонимиясында олардың қатысымен жасалған
жалқы есім+детерминатив ( Есен+сай, Қошан+көл, Сырым+төбе, Жайық+қопа, Төлеу+құдық) , зат есім+детерминатив ( Ешкі+тау, Базар+төбе, Тас+мола , Қой+құдық, Бұзау+көл) сын есім+ детерминатив (Шошақ+мола, Боз+оба, Жалтыр+көл, Сұлу+көл, Жаман+тау, Жалпақ+тал, Дєңгелек+сор, Сары+өзен, Қара+өзен), сан есім+детерминатив (Жеті+көл, Қырық+құдық, Сегіз+сай, Бес+терек, Бес+құдық, Үш+ағаш, Үш+сай ), етістік+детерминатив (Күйген+көл, Талас+көл ), детерминатив+ детерминатив (
Қамыс+қала, Төбе+құдық, Арал+төбе, Тал+тоғай) секілді құрылымдар кездеседі. Күрделі
біріккен топонимдер құрамында кездесетін детерминативтер көбінесе постпозицияда келеді.
Детерминатив сөздер тек біріккен топонимдер құрамында ғана кездеспейді, сондай-ақ тіркесті
топонимдер де қолданылады. Мысалы,