«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


ТҮРЛІ АУРУЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕМДІК МАССАЖ



Pdf көрінісі
бет69/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

 
ТҮРЛІ АУРУЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕМДІК МАССАЖ 
 
Кейінгі кезде адамдар арасында бас ауру ұйқы бұзылу, көңіл күй ауытқу сияқты, белгілер жиі 
байқалып жүр. Оған әлбетте көп себептер бар. Ішкі ағзалар ауруы бір басқа, сыртқы ортада болып 
жатқан өзгерістер тағы басқа. Осының бірі болса, екінші адамға әсер етіп, жоғарыда көрсетілгендей
белгілерді білдіреді. Дәрігерлерге барып ауруды анықтап алғанша бірспыра уақыт кетеді, адам тіпті 
әлсіреп те қалады.
Міне осындай кезде массаждың пайдасы ерекше. 
Массаждың қандай түрін қолданса алғашқы кезде, аурудың кезеңін, ауырлығын, науқастың 
жағдайын ескеру қажет. Сол сияқты бірінші күндері өте аз, қысқа жеңіл жасайды. Мұнда адамның 
массажға деген сезімталдығын, анықтап қалады. Егер 3-4 массаждан соң, дене онша сүйсінбей, ауру 
тәуірленбесе, онда әрі қарай әуреленудің пайдасы жоқ. Мұнда тек дәрігердің тұжырымы қажет. 
Нүктелі массаж қолданса, биологиялық активті нүктені анықтап алады. 
Медицина ғалымдарының кандидаты В.И.Дубровскийдің «нүктелі массаж» атты (1986) 
кітабында, адам бойында 695 нүкте бар екенін, оның қазір тек 140-150 –і ғана пайдаланып жүргенін 


келтірген. Сол нүктелерді дәл тауып, дұрыс массаж жасағанда адамды көп аурудан арашалап қалуға 
мүмкіндік бар. 
Қан қысымы жоғарылау немесе гипертония ауруы. 
Бұл аурудың негізгі қан тамырларының таралуы, қан қысымының жоғарлауы. Мұндай 
жағдайда адамның басы ауырып құлақ шулайды, жүрек қағысы жиілеп, тамыр қатты соғады, ұйқы 
бұзылып, әлсіздік мінезде морттық сияқты белгілер пайда болады. Гипертония ауруы үш кезеңге 
бөлініп әр кезең екі фазадан тұрады. Сол кезеңіне айланыста белгілері де не үдеп, не бәсеңдеп 
отырады. Бұл созылмалы ауру сондықтан гипертония ауруының асқынған түрінде, (екінші, үшінші 
кезеңдерде) өмірге өте қажетті көз, жүрек, бүйрек, ми сияқты мүшелерде өзгерістер, байқалып, 
олардың қызметіне кедергі келтіреді.
Ауруды осындай асқынуға жеткізбей, дер кезінде массаж қолдану пайдалы. Ондағы негізігі 
мақсат науқас адамды тыныштандырып, көңілін аулау және қан қысымымен төмендету. 
Ол үшін сырқат адамды орындыққа отырғызып, маңдайын қолмен тіреу керек. Осындай 
қалпында арқа иық үстіндегі бұлшық еттер мейлінше босаңсиды. Массаж жасаушы науқастың арт 
жағында тұрып, арқасын, екі жауырынның ортасын омыртқаның бойымен жеңіл, үстіртін бірнеше рет 
қайталаған соң ортаңғы және сұқ саусақпен желкеден бастап иық буынына қарай батыра сылап 
жұмсартады.
Иық үстін белгілі тәсілдермен массаждан болғаннан кейін, бастың шашы бар, тұсына көшеді, 
ол үшін үш саусақпен, желкеден төбеге қарай сипайды, ысқылайды. Құлақтың тұсынан және 
маңдайдан бастап төбеге дейін, массаж жасап шығады. Екі немесе үш саусақпен маңдайдың ортасынан 
шашқа дейін, одан самайға дейін тұтас алақанмен сипайды,жұмсартады. Сол сияқты гипертония 
ауруында беттің маңдай , көздің айналасына, да массаж жасалады. Көздің үстінен және астын барлық 
саусақ, ұштарымен сипайды. Әсіресе, көздің астын өте үлкен нәзіктікпен сипап өтеді. Маңдайға 
бастың терісіне сипаудың, ысқылаудың тырма, тарақ секілді тәсілдерін, қолданады. Басты желке және 
маңдай тұсынан және екі құлақтың жоғарғы тұсынан екі алақанымен, қапсыра ұстап, аздап қысады. 
Тек мұндай кезде аурудың хал-жәйін сұрап қою керек. Егер басы айналып жүрегі соғып ,лоқсып, 
құсқысы келген жағдайда, массажды дереу тоқтату керек.
Массаж мойынға, иықтың үстіне және қос жауырын арасына сипау тәсілін қолданумен 
аяқталады. Сол сияқты қан қысымын төмендетуге құрсаққа массаж жасау өте тиімді. Күнара 
жасалынған массаж 10-15 минутқа созылады. Емдеу курсы 10 күнге белгіленеді. Арасында екі жұма 
демалып, үш рет қайталанып алса, массаж өте шипалы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет