Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Оның бірі ӛте кең тараған, әсіресе ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Олимпиадалық ойындарға әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарында нақты
спорт түрлері бойынша ұлттық спорт түрлеріне күшті спортшыларды тарту
болды.
Екінші бағыт Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жетуге
қабілетті ұлттық құрама командалардың олимпиадалық дайындық жүйесінің
тұтастығын қалыптастыруға бағытталды.
Мұндай қадамдарды жүзеге асыру саяси тұтастығы сақталған,
олимпиадалық дайындыққа әдістемелік және қатаң ұйымдастыру жүйесі
қалыптасқан, спорттық клубтар мен спорттық федерацияның және басқа да
ұйымдардың қызығушылығын туындатқан елдерде кеңінен жүзеге
асырылғандығын әлемдік тәжірибе кӛрсетеді.
Спорттық жетістікті бағдарлау ережеде кӛрсетілгендей, Олимпиадалық
ойындар нәтижесінде жетістікке жететіндей етіп, әртүрлі спорт түрлері
бойынша дамудың пропорционалдық емес түрінде кӛрсетіліп отырды.
Бұл спортшыларға тікелей байланысты: неғұрлым жолғары нәтиже
кӛрсеткен спортшыларға соғұрлым барлық жағдай жасалды, ал нәтижесі
тӛмен спортшыларға мұндай жағдай жасалмады.
Бірінші қадамның олимпиадалық дайындық тұрғысынан алғанда ең
мықты екені кӛрініп тұр. Оның тиімділігі елдің спортқа деген жалпы
кӛзқарасымен, ұйымдастырушылығымен, экономикалық және материалдық-
техникалық мүмкіндігімен, орта және жоғары оқу жүйесіндегі спорттың
жағдайымен,
федерацияның
ұйымдастырушылық
және
қаржылық
мүмкіндігімен, олардың сапалы спортшыларды дайындау қабілеттілігімен
анықталады.
Екінші қадам біріншіге қарағанда олимпиадалық дайындық жүйесінің
негізіне ақырғы нәтижесі бағытталған – неғұрлым кӛбірек марапттауларды
жеңіп алу, командалық есепте неғұрлым жоғары орында тұру,
Олимпиадалық ойындарда жетістікке жету сияқты бағыттың әдіснамалық
жүйесінің
талаптарына
басшылық
жасай
отырып,
жоғарыдан
қалыптастырғанды қарастырғанды жӛн кӛреді.
Достарыңызбен бөлісу: