Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
препараттарды, әсіресе анаболикалық стероидтарды пайдаланғаны анық
белгілі болған. Дегенмен кӛптеген жылдар бойы америкалықтарға біресе
допинг-бақылау жүйесін айналып ӛтуге, біресе антидопинг бақылау
мамандарына басқаша ақпарат берудің түрлі жолдарын табуға мүмкіндік
болып отырды.
Олимпиада ойындарына және қысқы Олимпиада ойындарына
қатысатын әртүрлі елдердің ұлттық құрама командасы жайлы сӛз
қозғалғанда, ең кӛп мүмкіндікке Олимпиадалық ойындарды ұйымдастыратын
елдің спортшылары ие болады. Олимпиадалық ойындар ӛткізілетін елдің
ұлттық командасы ӛздерінің алдыңғы және соңғы ойындарына қарағанда
анағұрлым жақсы жетістіктерді кӛрсетеді. Бұл айырмашылықтарды ӛте зор
және кешенді факторлардың тұрақты заңдылықтары ретінде қарастыруға
болады. Олардың қатарына халықтар арасында Олимпиадалық ойындарды
ӛткізетін елдегі олимпиадалық ойындарға деген қызығушылықтардың артуы,
оны ұйымдастыру мен материалдық-техникалық негізі мен олимпиадалық
дайындықты қаржыландыруды жақсарту, қоғамның спортқа деген
кӛзқарасын ӛзгерту, спортшылар мен мамандардың моралдық-патриоттық
қасиетін арттыру, олардың жарыс сапасын кӛтеруге деген жауапкершілігін
арттыру, олимпиадалық нысандарда дайындалу мүмкіндігі, әсіресе,
велосипед спорты, ат спорты, шаңғы және тау шаңғысы спорты, бобслейде,
шана спорты, сноубордингте, трамплиннен секіруде, биатлон және т.б., мен
климатқа бейімделудің жоқтығы, жанкүйерлер мен бұқаралық ақпараттар
қолдауы жатады.
Осы әрекеттердің мен тағы басқа факторлар сәйкестігі алдыңғы
ойындардың қорытындысы қандай болса, соңғы ойындарда да сондай
қорытынды болады деп салыстыра келе, Олимпиадалық ойындар мен қысқы
Олимпиадалық ойындарда команданың жеңіске жетуіне кепілдік береді.
Достарыңызбен бөлісу: