Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Олимпиадалық спорт тҥрлеріндегі жарыс әрекеттерін басқару»



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата14.06.2024
өлшемі0,71 Mb.
#203373
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
UMK KAZ Magister Олимпиадалық білім

Спорттық жарыс тҥрлері 
 
Ұйымдастырудың мақсаты, міндеті мен формаларына байланысты 
спорттық жарысқа қатысушылардың құрамы әртүрлі болады. Кӛбінесе 
олимпиадалық спорт жүйесінде жарыс тӛмендегідей ӛлшемдер бойынша 
бӛлінеді:
 

мәні бойынша (басты, іріктелген, дайындық); 

масштаб бойынша (аудандық, қалалық, аймақтық, континенталдық, 
Олимпиадалық ойындар); 

тапсырмаларды шешу бойынша (бақылау, классификациялық
іріктелген, кӛрнекті); 

ұйымдастыру сипатына қарай (ашық, жабық, дәстүрлі, матчті және 
т.б.); 

сынақ формасы бойынша (жеке, командалық, жеке-командалық); 

қатысушылардың жасына қарай (балалар, юниорлыұ, үлкендер үшін, 
ардагерлер үшін); 

жынысына қарай (әйелдер мен ерлер арасында); 

қатысушылардың кәсіби бағдары бойынша (мектеп, студенттік және 
т.б..) (Смолевский, Гавердовский, 1999). 
Арнайы ірі жарыстардағы ұзақ дайындық кезеңі спортшылар мен 
командалардың дайындық жүйесінің шынайылығын бағалауға мүмкіндік 
береді, 
Басқа жарыстар маңызды жарыстарға қатысатын спортшыларды 
іріктеуден тұрады және спортшылар дайындылығын жан-жақты арттырудың 
тиімді құралы болып табылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест 
тапсырмалары және сҧрақтар 
1.
Жарыс әрекетінің стратегиясы мен тактикасы 
2.
Жарыс әрекетінің техникасы 
№ 6 
Дәріс 
6-ТАҚЫРЫП. ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҤРЛЕРІНІҢ ЖАРЫС 
ӘРЕКЕТІ. ЖАРЫС ӘРЕКЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ 
 
Спорттық жетістіктер спортшы, бапкер, кӛрермендер, спорттық 
ұйымдар үшін жарыс әрекетінің ӛнімі ретінде бағаланады. Олардың 
қатарына спортшының жеке тұлғасының ерекшеліктері, жарысты 
ұйымдастыру мен ӛткізудің материалдық-техникалық жағдайы
климаттық, географиялық және әлеуметтік жағдайлар жатады.
 
Қоғамда жарыс шартына байланысты қойылған жарыс деңгейі, 
қатысушылар құрамы, бәсекелес деңгейін есепке ала отырып, спортшының 
ӛзі қалай бағаланса, спорттық жетістіктер де солай бағаланады. Әрине, 
жоғары деңгейде ӛткен спорттық жетістіктер жоғары бағаланады. 
Спорттық жетістіктердің қоғамдық бағасы нақты спорт түрлеріне, 
сондай-ақ әлемнің барлық жерінде кеңінен тараған спорт түрлеріне 
қойылады. Мысалы АҚШ-та теннис, бейсбол, хоккей, баскетбол, жеңіл 
атлетика ойындарының жеңісі ӛте жоғары бағаланса, Солтүстік Европада 
шаңғы жарысы, тау шаңғысы мен коньки спорты, Шығыс Европада ауыр 
атлетика (әсіресе, ауыр салмақ категориясы бойынша), еркін және грек-рим 
күресі, футбол ойындарының жеңісі ӛте жоғары бағаланады.
Спорттық нәтиже техникалық шеберліктің ӛлшемі ретінде арнайы 
жарыс шарттарынан белгілі болып, рекорд ретінде кӛрінеді. 
Рекордтар кӛлем, қашықтық, түсу санына, уақытына және т.б. 
байланысты шартты түрде ұпай саны белгіленген кестелер арқылы 
айқындалған спорт түрлерінде тіркеледі. 
2


Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет