Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Сабақтың дұрыс, бірден анық басталуы спортшыларды тәртіпке үйретеді,
алдағы әрекетке назар аударуға бағыттайды.
Сабақ бағдарламасын дұрыс
орындау кезінде алдын-ала дайындалу жағдайы туындайды, бұл ағзаның
негізгі функционалдық жүйесінің белсенділігін арттырады,
алдағы жұмысқа
тез дайындалуды қамтамасыз етеді. Сабақтың бұлай ӛткізілуі спортшының
дайындық мүмкіндігін арттырады.
Сабақтың негізгі бӛлімінде ең басты міндеттер шешіледі.
Орындалған жұмыстар әртүрлі болуы мүмкін және арнайы дене және
психологиялық дайындықтың жан-жақты кӛтерілуін, техника, тактиканың
жетілдірудің мүмкіндігін қамтамсыз етеді,
Негізгі сабақтың ұзақтығы қолданылып
отырған жаттығулардың
әдістемесі мен сипаттамасына, жаттықтыру жүктемесінің кӛлеміне
байланысты болады. Жаттығуларды таңдау, олардың саны сабақ бағыты мен
оның жүктемесін анықтайды.
Сабақтың қорытынды бӛлімінде мүмкін болғанша спортшы
ағзасының жағдайын жұмысқа дейінгі халге жақындату жүзеге асырылады,
қалпына
келтіруге жағдай туғызады, жұмыс тығыздығы ақырындап
тӛмендетіледі.
Сабақтарды негізгі педагогикалық бағыт бойынша (негізгі және
қосымша, таңдамалы және кешенді бағытта), жүктеменің кӛлемі бойынша
(кӛп, аз және т.б. жүктемедегі сабақтар), нақты тапсырмалардың мазмұны
бойынша (оқу, жаттығу, қалпына келтіру және т.б.) бӛлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: