Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
теориясының құрамды бӛлігі бола алады.
Осылайша, жануарлардың бұлшық
етінің құрылысын зерттеу
нәтижесі жай кезде қалай болса, тығыз жаттығудан кейін де адам мен
жануарлар тканінің құрылымы аналогия негізінде спорттық бағдарлау мен
іріктеу
теориясын жетілдіруге, тӛзімділігі мен жылдамдық-күш қасиетін
дамытуға пайдаланылады
Екіншіден, үлгілер эмпирикалық білімді насихаттауға, спорт
саласындағы құбылыстар мен процестердің ӛзара
байланыстарына
қолданылады. Үлгіде кӛрсетілген және сол үлгілерде іске асырылған
эмпирикалық білімдер теориялық жалпылауларға сай келетін нәрселерді
тудыруға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, үлгілер спорттағы ғылыми жұмыстарда жүргізілген
экспериментті тәжірибеге ауыстыруға үлкен әсер етеді. Сондықтан да іс
жүзінде алынған үлгілерді тәжірибеде талдаған
кезде оның маңызы зор
болады. Мұндай жұмыстар жаттықтыру үдерісін құру кезіндегі дайындық
және жарыс әрекеттерінің үлгілерін, спорттық іріктеу мен бағдарлау
тапсырмаларын шешу кезіндегі кӛпсалалы морфофункционалдық үлгілерде
үлкен рӛл атқарады.
Спортта болжау – бұл спорттық іс-әрекетте спорттық табысқа жету
деңгейін жору әдісі. Болжау міндеті кӛп бӛлігі ғылыми біліммен сай келетін,
алдыңғы
тенденцияларды бейнелейтін, нәтижесінде тиімділіктің жетілуін
анықтайтын нақты құбылысты туындатады. Болжау спортты ұйымдастыру
саласында қандай болса, спорттық дайындық, жарыс әрекеттерінде де сондай
болатын басқару шешімдерін қабылдау үшін негізделген алғышарттарды
барынша қамтамасыз ететін басқарумен тікелей байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: