Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


І м о д у л ь т е с т е р і



Pdf көрінісі
бет33/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
І м о д у л ь т е с т е р і 
 
Тіл – қатынас құралы
 
1.Тілдің қандай құбылыстардың қатарына жататынын көрсетіңіз
 
а) табиғат құбылыстарының; в) қоғамдық құбылыстардың; 
с) физикалық құбылыстардың; d) саяси құбылыстардың; е) физиологиялық 
құбылыстардың ; 
2. Тілдің сөздік құрамындағы басты нәрсе: 
а) тіл дыбыстары в) сөз с) сөз тіркестері d) сөздік қор е) сөздік құрам 
3. Тілдің негізгі қызметі: 
а) ойды жарыққа шығару қызметі в) қарым-қатынас жасау қызметі 
с) сезімді, эмоцияны білдіру қызметі; d) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру
қызметі е) халық тарихының, шежіресінің, оның күллі рухани өмірінің
үні, сақталу формасы ретіндегі қызметі; 
4. Тіл ұлттық тіл деп танылу үшін сол тілді жасаушы халықтың бойынан
табылуға тиісті басты шарттар: 
а) тілдің тұтастығынан туындайтын психологиялық пішін тұтастығы; 
в) жердің, территорияның тұтастығынан туындайтын психологиялық
пішін тұтастығы; 
с) экономикалық тұрмыстың тұтастығынан туындайтын психологиялық
пішін тұтастығы; 
d) мәдениеттің тұтастығынан туындайтын психологиялық пішін
тұтастығы; 
е) осылардың барлығының тұтастығынан туындайтын психологиялық
пішін тұтастығы ; 
5) Дүниежүзілік ресми тілдер ретінде танылған тілдер: 
а) итальян, грек, испан, қытай, орыс, американ тілдері; 
в) араб, француз, испан, ағылшын, орыс, қытай тілдері; 
с) үнді, неміс, жапон, араб, испан, француз тілдері; 
d) латын, санскрит, славян, грек, парсы, араб тілдері; 
д) қытай, жапон, корей, монғол, бирма, үнді тілдері 
6) Тілдерді генеологиялық сұрыптау (квалификациялау) дегеніміз: 
а) құрылымы мен құрылысына қарай сұрыптау
в) туыстығы мен шығу тегіне қарай сұрыптау; 
с) қазіргі кездегі қолданылу ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай
сұрыптау; 


d) дыбысталу ерекшеліктеріне қарай сұрыптау; 
е) Бір елдің аумағында қолданылу қажеттілігіне қарай қарай сұрыптау
7) Тілдерді типологиялық сұрыптау (квалификациялау) дегеніміз: 
а) құрылымы мен құрылысына қарай сұрыптау; 
в) туыстығы мен шығу тегіне қарай сұрыптау; 
с) қазіргі кездегі қолданылу ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай
сұрыптау; 
d) дыбысталу ерекшеліктеріне қарай сұрыптау; 
е) Бір елдің аумағында қолданылу қажеттілігіне қарай қарай сұрыптау; 
8) Қазақ тілі құрылысы жағынан; 
а) полисинтетикалық тілдерге; в) флективті ( қопарылмалы) тілдерге; 
с) агглютинативті (жалғамалы) тілдерге; d) даралаушы тілдерге;
д) оморфты тілдерге жатады
9) Тілдің құрылымдық элементтері: 
а) дыбыс, морфема, сөз, сөйлем; 
в) түбір, жұрнақ, жалғау; с) дыбыс, әріп; d) дыбыс, буын, сөз;
е) сөз, сөйлем, сөйлеу; 
10) Қазақтың әдеби тілінің қалыптаса бастаған кезеңі: 
а) XVII ғасырдың басынан; в) XVII ғасырдың ІІ жартысынан;
с) XVIII ғасырдың басынан; d) XIX ғасырдың екінші жартысынан; 
д) XX ғасырдың басынан; 
11) Қазақ әдеби тілінің негізін қалаған көркем сөз шеберлері: 
а) Асан қайғы , Қазтуған; в) Бұқар жырау, Махамбет Өтемісұлы; 
с) А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарын; d) А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов; 
е) М.Әуезов, С.Мұқанов 
12) Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алған жыл: 
а) 1986 в) 1989 жыл с) 1992 жыл d) 1991 жыл е) 2001 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет