Қойбүлдірген сияқты орман жидектерін үйімізге шелектеп теріп әкетеміз



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата01.07.2024
өлшемі0,63 Mb.
#203506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
тастамашы ана 240321 023536

Тастамашы, ана!

Неге сен бізді қалдырып кеттің, ана? Бұл жерде өте қиын. Сені 
ойламаған , есімізге алмаған бір күн де жоқ. Естисің бе, ана-шы-м?! 

Тыныштал, балам, жылама. Сендердің жастарың менің қабіріме 
құйылуда. Білсеңдер ғой, сендер үшін жаным қалай ауыратынын... 
Жақында тәрбиешінің сенің басыңнан кілтпен ұрғанын көрмеді деп 
ойлайсың ба, балам? Маған қандай ауыр болғанын білсең! Бірақ, 
өкінішке орай, көмектесе алмаймын... 

О дүниеде жақсы дейді. Шын ба бұл, ана? 

Сендерсіз маған жұмақтың өзінде де қиын, балапандарым менің. 
Сендермен қоштасқан күнді еске аламын да тоқтаусыз жылаймын. Сен 
өзіңді мықты ұстадың, ұлым. 

Мен ол күнді бүгінгідей есімде сақтадым. Барлығы Жаңа жылды қарсы 
алуға дайындалып жатты. Ал сен сол баяғы төсегіңде жаттың. 
Анашым, саған көп ауыртпашылықты көтеруге тура келді. Үш жыл 
төсек тартып жаттың... неге екенін білмеймін, ауруханаға да 
жатпадың... Неге екенін білмеймін, ауруханаға да жатпадың. 

Қазірде, әрине, өкінемін. Дәрігерлер ота жасауға көндіргілері келді, 
ісіктің өсетіндігін айтып ескертті. Бірақ мен сендерді қалдырғым 
келмеді, бәрің де кішкентай болдыңдар. Әкелерің күнде жұмыста. 
Бірде ауруханаға жатайын деген едім, бірақ үш жасар зульфира мені 
құшақтап алып, жібермей жасын төкті: «Тастама бізді, ана, қалдыра 
көрмеші!» үшеуің де жас толған жанарларыңмен маған : «Тастамашы 
бізді, ана», — деп жалындыңдар. Қалай тастаймын сендерді? Солайша 
ауруханаға бармай қалдым. Одан кейін бәрі кеш болды — дәрігерлер 


ісіктің асқынып, қатерлі болып кеткенін айтты... Ауру мені төсекке 
таңды. 

Соңғы айда ауылдың фельдшері Хания тәте саған апта сайын келіп 
тұрды. Ол өзімен бірге чемоданын алып жүретін — ішінен дәрінің 
құтысын алып шығып, шприцке толтырып, сенің тамырыңа салатын. 
Саған сол сәтте-ақ жақсы болушы еді. Бірақ кейінгі кездерде фельдшер 
бізге жиірек келетін болды. Бірнеше укол салатын, ал қолданылған 
шприцтер мен дәрі құтыларын бірден отқа тастайтын. Жаңа жылдың 
алдында саған тіпті жаман бола бастады. Сен қатты қиналдың, бізге 
қорқынышты болды. Әкем өзін қоярға жер таппай, есіктің алдына 
шығып кетіп, темекісін бірінен кейін бірін тарта берді. Тіпті бізбен 
бұрынғыдай ойнамады да. Ақыр аяғы әкем бізді Хания тәтені шақырып 
келуге жіберді. «Тезірек барып-келіңдер, аналарың өте қиын қалде»,-
деді ол. Сірә, өзі сені тастап кеткісі келмеді-ау деймін. Біз фельдшерге 
жүгіріп кеттік. 
Бізді көре салысымен Хания тәте бәрін де сөзсіз ұқты. «Жаңа жылға дейін 
бірнеше сағат қана қалды, қане, дастархан басына жайғасыңдар, тым болмаса 
шай ішіңдер»,-деп шақырды. Біз әпкем екеуіміз қарсы болдық — сенің үйде 
аурудан қиналып, уколды күтіп жатқаныңды білдік. Бірақ фельдшер бізді 
ақыры көндірді, бізге асығыс-үсігіс бір кесе шайдан ішуге тура келді. Біздің 
тағат таппай тұрғанымызды көріп Хания тәте ары қарай бізді қыстамады. 
Дәрілерге толы чемоданын алды да бізбен бірге көшеге шықты. 
Бүкіл әлемді ақ жамылғыға ораған қар жауып тұрды. Білесің бе, ана, мен сол 
сәтте нені армандадым? Сен тезірек сауығып, жазылып кетсе екен дедім... 
Бірақ менің арманымның орындалуы бұйырмаған екен. «Хания тәте, сонда 
сізде жақсы бір дәрінің болмағаны ма? Егер бар болса, анамызға беріңізші. 
Өскен соң міндетті түрде сізге өтеуін төлеймін»,-деп мен фельдшерге 
өтіндім. Ол болса ештеңе айтпастан терең күрсінді. Ол саған уколды салуын 
— салды, содан кейін бір қағазды алып саған қол қоюға берді. Жаңа жылға 
екі сағат қалған кезде саған бір жеңіл болып қалғандай болды. Сонда да бізге 
мереке тойлайтындай көңіл-күй болмады. 
Хания тәте өз міндетін атқарып болған соң әкеме шығарып салуды өтінді. 
Олар аулада бірдеңелерді ұзақ сөйлесті. Әкем үйге өзіне ұқсамай кірді, бейне 
бір «салы суға кеткендей». Сен де өзгерісті бірден байқап, әкемнен фельдшер 
не айтқанын сұрап жаттың. «Гүлнұр, маңызды ештеңе емес, тек қана 
шығарып салдым»,-деп жауап берді ол. Тағы бір сағат өтті. Біз бәріміз сенің 
жаныңда болдық. Жаңа жылға дейін санаулы минуттар қалды, бірақ үйде 
мерекенің белгісі де сезілмеді. Солай бола тұра мен ішімнен сыйынып: 
«Жаңа жыл біздің үйге бақыт пен бәрімізге денсаулық алып келсе екен» деп 
қайталаумен болдым. Біраздан кейін сен: «Жарықты өшіріңдерші»,-деп 
өтіндің. Басыңды біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа қаратып бұра бердің. 
Әкем бізді басқа бөлмеге қарай алып кетті. Сен болсаң «Жарықты 
сөндіріңдерші!» деп қайталаумен болдың. Сірә, сен балаларыңның қалай 
қиналғаныңды көрмеуін қалаған болуың керек. Немесе бізді қорқытып 


алмайын деген шығарсың. Біздің кіп-кішкене жүректеріміз қалай азап 
шеккенін сезсең ғой, шіркін! Әлия алаңын жасыра алмай: «Анамыз өлейін 
деп жатыр ғой деймін»,-деп күбірледі. Біз бірден ыстық жасқа булықтық. Сен 
бұрындары жігіттердің жыламайтындығын айтқан едің. Сондықтан да мен 
жылаған дауысымды шығармауға тырыстым. Бір кезде көйлегімнің түймесін 
жұлып алып, дауысымды шығармас үшін тістегенім сондай, алдыңғы 
тістерім сықырлай бастады. Қыздар тоқтамастан жылады, қанша жерден 
берік болуға тырыссам да, мен де жыладым. 
Әкеміз сенің бөлмеңе шақырған соң біз төсегіңнің жанына келіп тұрдық. Көзі 
қызарып кеткен әкем біраз үнсіз тұрған соң: «Балапандарым, ылғи да 
сендерді қалай аймаласа, сендер де аналарыңды солай бір аялап, құшақтап 
алыңдар»,-деді. Бірінші болып өзі сенің маңдайыңнан сүйді. Біз де сені сүйе 
бастадық, ал сенің көздеріңнен жас ағып жатты. бірдеңе деп айтқың келетін 
тәріздісің, бірақ әл-дәрменің жоқ. Бұл біздің сені ақырғы рет сүйгеніміз 
болатын. «Анамызға қиын болып жатыр, қанекей, аяқтарын бір уқалап 
жіберейік»,-деп Әлия өзінше сенің халіңді жақсартқысы келді. Біз жыладық, 
әкеміз ғана көз жасын бізге көрсеткісі келген жоқ. Сені біз құтқарып қала 
алмадық. Сен көзіңді жұмып, тыныс алуды тоқтаттың... Ах, егерде мен 
дәрігер болғанымда ғой! Бір-ақ күнде сені орныңнан тұрғызар ем ғой! 

Жетеді, ұлым, менің жанымды қинамашы. Онсыз да менің жағдайым 
қиын. Білемін, сендерге де оңай болмады. Қайта әкелеріңнің сендерді 
өзінің соңғы сағатына дейін тастамағаны жақсы болды.... 

Иә, анашым, әкемізге де ауыр қайғыны басынан өткеру жазылыпты. 
Сенің өмірден қайтқаныңа бір апта өткен соң ауылдық кеңес пен 
мектептен адамдар келе бастады. «Жақсы, үшеуі қалада оқып жатыр
ал мына төртеуін жалғыз өзің аяқтарынан тік тұрғыза алмайсың, 
қиналмай-ақ оларды балалар үйіне бер»,-деп әкемізді үгіттей бастады. 
Бірақ ол өз дегенінен қайтпады. Аудандық қызметтерден де адамдар 
келді. Ашуланып, әкем оларға: «Мен тірі тұрғанда балаларымды 
ешқайда да бермеймін»,-деп үйден қуып шықты. Мектептегі кейбір 
мұғалімдер де бізге басқаша қарай бастады. Дұрыс жауап беріп тұрсақ 
та «екі» қоя бастады. Содан кейін әкелері балаларына қарай алмайды, 
сондықтан да бұл балалар сабаққа үлгере алмайды деген желеумен жиі 
арызданды. Олардың бар мақсаттары бізді балалар үйіне жіберу болды. 
Кейбіреулердің тіпті: «Әйелі өлуіне байланысты Ғиззат үкіметтен көп 
өтемақы алып отыр, сондықтан да балаларын мемлекетке бергісі 
келмейді»,-деп айтуға да ұяттары барды. Ауыл әкімдігінің ақылсыз 
біреуінің қызғаныштан әкеме қарап: «Кейбіреулерге жақсы болды, сен 
енді бәрінен байсың»,-деп айтқан кездері де болды. Әкем шыдай алмай 
әлгі нақұрысты бірақ ұрды. Ол сен қайтыс болған соң қатты қайғырып 
жүрді. Түндерде ұйықтай алмай қиналды. Ал бір жыл өткен соң жиі 
ауыратын болды. Трактор жүргізіп жүріп қатты суық тигізіп алды. 
Оның үстіне сенен айырылғанды да көтере алмады деп ойлаймын. 


Сенің қайтқаныңа үш жыл толғанда әкемнен де айырылдық. Бізді 
осында, балалар үйіне алып келді. 

Сендердің бастарыңа түскен тағдырды дұшпаныңа да тілемейсің... 

Есіңде ме, сен маған қаладан бір аяқ киім алып келген едің. Маған 
сондай қатты ұнады. Мен ол аяқ киімді сен өмірден өткен соң да көпке 
дейін киіп жүрдім, айырылғым келмеді. Кейін басқа аяқ киімдер де 
сатып алып берді, бірақ маған осы, сенің әпергенің қымбат болатын. Ол 
аяқ киім әбден тозса да, мен мектепке ылғи сонымен баратынмын. 
Бірге оқитын сыныптастарым неге менің ескі аяқ киім киіп жүргенімді 
сұрағанда: «Мұны маған анам сатып алып берген еді»,-дейтін едім. 
Есіңде ме, сен әлі бізбенен бірге болғаныңда мен ана туралы ән жаттап 
алған ем ғой? 8 наурыз мерекесіне орай маған ол әнді сахнада 
орындауды сұрады. 
«Анам, анашым менің аяулы, 
Ұзақ болсын өмірің сенің саялы»,-деген жерге келгенде көзіме жас келіп, 
тамағыма өксік тығылып, әннің сөздерін ұмытып қалдым. Бетімді жас жуып 
кетті де, көрермендер шапалақ ұрып кетті. 
Анасыз өмір сүру қандай қиын! Мұнда біздің бәрімізді алқаштардың 
балалары дейді. Бірақ мен білемін ғой, сен ондай болмадың. Тірі болғаныңда 
екі «Алтын алқаңды» өңіріңе қадап, мына тәрбиешілерге кімнің кім екенін 
көрсетер ең. Біраз балалар шынында да ата-аналарының маскүнемдіктерінің 
салдарынан осы жерге келген, сондықтан да біз сияқтылар солардың ішінде 
кетіп қаламыз. Ал біз сияқты әке-шешесіз тұл жетімдер балалар үйінде аз. 
Жақында Сәлима деген қызға анасы түрмеден сәлемдеме жіберді. Онда түрлі 
кәмпиттер мен печеньелер бар болатын. Бізге жеткенше әбден қатып кетіпті. 
Тастай болып қатып кеткен сәлемдемелерді Сәлима бәрімізге бөліп берді. 
Оның анасы адам өлтіріп түрмеге түссе де, Сәлима бәрібір анам бар деп 
мақтанады. Анасының сәлемдеме жібергенін айтып бәріміздің құлағымызға 
тыныштық бермеді, әлі ұзақ уақыт есіне алып айтып жүреді. 
Кешке ұйқыға жатқан соң біз болашақ жайлы әңгімелесеміз. Фаниль деген 
баланың ата-анасы ажырасып кеткен. Анасы арақ ішіп кеткен соң огы 
қарындасымен бірге балалар үйіне өткізіпті. Ол анасының маскүнем екенін 
ешқашан айтпайды. Анасы жұмысқа орналасып, қарындасы екеуін үйге алып 
кетеді, зоопаркті көрсетеді деп үміттенеді. Мен оларға қатты қызығамын. 
Ауылдың орталығында шағын базар бар. Сабақтан соң балалар ол жерге 
кәмпит пен басқа тәттілерді ұрлауға барады. Бірде мені де өздерімен бірге 
баруға шақырды. Мен: «Анам ренжиді, болмайды»,-деп қарсы болдым. Олар 
қатты таң қалды, ал маған сен бәрімізді көріп тұрған сияқтанасың. 
Сондықтан да сені жабырқатқым келмейді. Анашым, міне, осылайша өмір 
сүріп жатырмыз. Сен жанымызда болмасаң да сенің жылуың мен мейіріміңді 
сезінеміз. Ылғи да ұятты бірінші орынға қойып келеміз. 

Дұрыс, ұлым. Ал мен сендерді үнемі қорғап жүремін... 



Ана, сен менің күнделігімдікөрсең ғой. Бізді ренжіткен сайын жақсы 
адам болып қалыптасқымыз келеді. Сондықтан сабақты жақсы оқуға 
талпынып келемін. Кейбір оқушыларға үй жұмысын орындауға 
көмектесемін. Ол көмегім үшін маған алма береді. Бәрібір сенсіз бізге 
өте қиын. Егер сен оралсаң әр күн сайын ән шырқап берер едім. 
Даладан ең әдемі гүлдерді теріп әкелуші ем ғой. Есіңде ме, сен ауырып 
жатқанда су апарып беретін едім. Сен тіріліп келсең болды, күні бойы 
саған су тасудан жалықпаймын. Оралшы, анашым! Өтінемін! Бізді 
басқалардың езгісіне қалдыра гөрме!.. 

Бұл жақтан қайтатын жол жоқ, ұлым. Алтындарым менің, шыдаңдар... 
Қалғып кеттім де, кеудеме біреу ауыр сөмке тастап жібергендей күйде оянып 
кеттім. Ол тәрбиешіміз Райфа апай болатын. 

Сол баяғы ұйықтап жатырсың ба?! Асханада кезекші екеніңді ұмытып 
кеттің бе? Мен анаң емеспін, сен үшін ыдыс-аяқ жумаймын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет