Өмір жолдарында оған мекен-жайын бірнеше рет ауыстыруға тура келді. Оның
ауылын қалмақтар шауып кеткеннен кейін, Шығай ханның ұлы мен Тәуекел
ханның атасы Оңдан сұлтан жау қолынан қаза табады. Қадырғали Жалайыр өзімен
бірге Оңдан сұлтанның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, Сібір ханы
Күшімге тиісті аймақтарда туысқандарымен көшіп жүреді. Күшімнің сарайында
өзінің үздік қасиеттерін байқата жүріп, ол аға би (кеңесші) болып сайланды.
II. Қадырғали Жалайыр туған тілін ғана емес, араб және парсы тілдерін де жақсы
білді, шығыс классикалық әдебиеті, ғылымы мен мәдениеті саласында да терең
танымы болды.
Қадырғали Жалайыр бөтен елде жүрігі түгелдей ғылыммен айналысқан. Қасым
хан сарайында 1600 жылы жаза бастаған өзінің атақты жылнама кітабы «Жами ат-
тауарихты» (Жылнамалар жинағы) Қадырғали Жалайыр екі жылдан кейін 1602
жылы аяқтайды. Жылнама 157 беттен тұрады және ол қытай қағазында ерекше
ұқыптылықпен жазылған. Шығыс ойшылдарының орныққан дәстүрлерін сақтай
отырып, ғалым өзінің еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа арнайды. Алғашқы
екі тарауында ол Борис Годуновты Ресей мемлекетінің басшысы ретінде оған оң
көзқараспен мінездеме береді де, оның басқаруын сипаттайды. Автор өзінің
жылнамаларында, қазақ даласынан орын тепкен шығыс елдері мен қалаларына көз
жүгірте отырып, түрік рулары мен тайпаларына тарихи анықтамалар мен
түсініктемелер береді. Қарахандықтар дәуіріне тоқтала келе, автор сондай-ақ
Қазақстан аймағын ІХ-ХІ ғ.ғ. мекендеген оғыздар туралы өз пікірін айтады.
III. Еңбекте қазақ хандарының өмір тіршілігі, қазақ даласы, қалалары және т.б.
туралы құнды материалдар бар. Кітаптың бір тарауы ХІІІ-ХVІ ғ.ғ. қазақ жерінде
болған тарихи оқиғаларға арналған. Шыңғысханның жаулап алу жорықтары
туралы тарауы ерекше қызығушылық тудырады. Сондай-ақ бұл тарау XVI ғ.
бастап қазақ хандықтарының ішкі және сыртқы жағдайы, қазақ тайпаларының
білім алуы, қазақ хандығындағы халықаралық және қоғамдық-саяси жағдайлар,
патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастардың қалыптасуы, сұлтандар, тектер,
хафиздер және басқа әлеуметтік топтар туралы құнды материалдармен
толықтырылған. Жылнамада Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихы
жөнінде көптеген құнды мәліметтер бар.
Автор ежелгі қазақ тілін жеткілікті түрде білген. Қадырғали Жалайырдың
жылнамасы - ежелгі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи туынды. Ғалымдар
Қадырғали Жалайыр еңбегінің ғылыми құндылығын бағалай отырып, оны Орта
Азия мен Моңғолияның көптеген көрнекті тарихшыларымен бір қатарға қояды.
Ұлы қазақ ғалымы Қадырғали Жалайырдың есімі қазақ халқының тарихы мен
әдебиетінде мәңгі қалады. Талдықорған қаласында ұлы ғалымға оның сіңірген
еңбегінің құрметі ретінде ескерткіш орнатылды.
Достарыңызбен бөлісу: