I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет166/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

1. Итмұрын құрамындағы В

 дәруменінің ағзаға әсері 
A) 
тері ауруларының алдын алады 
B) қанның көбеюін, ми функцияларының дамуын қамтамасыз етеді 
C) тіндердің қалыптасуына әсер етеді және иммунитетті күшейтеді 
D) жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады 
E) зат алмасу қызметін жақсартады 
2. Итмұрынды «көздің досы» деп атау себебі 
A) 
қатерлі ісік ауруларына қарсы 
B) құрамында В

дәрумені бар 
C) қанды тазалайды 
D) иммунитетті күшейтеді 
E) А дәруменінің қоры мол 
3. Итмұрынның «шипа бұлағы» аталуы 
A) 
құрамында шекердің молдығы 
B) жемісінде иістендіргіштің көптігі 
C) құрамында дәрумендердің молдығы 
D) шаршағанға әсерінің болуы 
E) сүйегінде ванилин қорының молдығы 
4. Мәтін мазмұны бойынша итмұрынға сәйкес дұрыс ақпарат 
A) 
шаш түсуінің алдын алады 
B) қан қысымын реттейді 
C) құлақтың есту қабілетіне пайдалы 
D) буын ауруына пайдалы 
E) бауыр ауруына ем 
7.7-мәтін 
І. Қадырғали Жалайыр - алғашқы қазақ жазушысы және ғалымы. Қадырғалидің 
атасы атақты батыр болған, ол немересіне жауынгерлік өнердің негіздерін 
үйреткен. Ал оның әкесі Қосынбек өз заманының ең білімді деген адамы болды. 
Осылайша, Қадырғали Жалайыр өзінің ата-бабаларының ең үздік қасиеттерін 
қабылдаған. Өзінің қарқынды өмір жолдарының ішінде ол жоғары текті 
ұрпақтарды (хан балаларын) тәрбиелеуден бастап, билік сарайындағы хан 
кеңесшісіне дейінгі түрлі лауазымдарды атқарады. 
168


Өмір жолдарында оған мекен-жайын бірнеше рет ауыстыруға тура келді. Оның 
ауылын қалмақтар шауып кеткеннен кейін, Шығай ханның ұлы мен Тәуекел 
ханның атасы Оңдан сұлтан жау қолынан қаза табады. Қадырғали Жалайыр өзімен 
бірге Оңдан сұлтанның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, Сібір ханы 
Күшімге тиісті аймақтарда туысқандарымен көшіп жүреді. Күшімнің сарайында 
өзінің үздік қасиеттерін байқата жүріп, ол аға би (кеңесші) болып сайланды. 
II. Қадырғали Жалайыр туған тілін ғана емес, араб және парсы тілдерін де жақсы 
білді, шығыс классикалық әдебиеті, ғылымы мен мәдениеті саласында да терең 
танымы болды. 
Қадырғали Жалайыр бөтен елде жүрігі түгелдей ғылыммен айналысқан. Қасым 
хан сарайында 1600 жылы жаза бастаған өзінің атақты жылнама кітабы «Жами ат-
тауарихты» (Жылнамалар жинағы) Қадырғали Жалайыр екі жылдан кейін 1602 
жылы аяқтайды. Жылнама 157 беттен тұрады және ол қытай қағазында ерекше 
ұқыптылықпен жазылған. Шығыс ойшылдарының орныққан дәстүрлерін сақтай 
отырып, ғалым өзінің еңбегін орыс патшасы Борис Годуновқа арнайды. Алғашқы 
екі тарауында ол Борис Годуновты Ресей мемлекетінің басшысы ретінде оған оң 
көзқараспен мінездеме береді де, оның басқаруын сипаттайды. Автор өзінің 
жылнамаларында, қазақ даласынан орын тепкен шығыс елдері мен қалаларына көз 
жүгірте отырып, түрік рулары мен тайпаларына тарихи анықтамалар мен 
түсініктемелер береді. Қарахандықтар дәуіріне тоқтала келе, автор сондай-ақ 
Қазақстан аймағын ІХ-ХІ ғ.ғ. мекендеген оғыздар туралы өз пікірін айтады. 
III. Еңбекте қазақ хандарының өмір тіршілігі, қазақ даласы, қалалары және т.б. 
туралы құнды материалдар бар. Кітаптың бір тарауы ХІІІ-ХVІ ғ.ғ. қазақ жерінде 
болған тарихи оқиғаларға арналған. Шыңғысханның жаулап алу жорықтары 
туралы тарауы ерекше қызығушылық тудырады. Сондай-ақ бұл тарау XVI ғ. 
бастап қазақ хандықтарының ішкі және сыртқы жағдайы, қазақ тайпаларының 
білім алуы, қазақ хандығындағы халықаралық және қоғамдық-саяси жағдайлар, 
патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастардың қалыптасуы, сұлтандар, тектер, 
хафиздер және басқа әлеуметтік топтар туралы құнды материалдармен 
толықтырылған. Жылнамада Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихы 
жөнінде көптеген құнды мәліметтер бар. 
Автор ежелгі қазақ тілін жеткілікті түрде білген. Қадырғали Жалайырдың 
жылнамасы - ежелгі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи туынды. Ғалымдар 
Қадырғали Жалайыр еңбегінің ғылыми құндылығын бағалай отырып, оны Орта 
Азия мен Моңғолияның көптеген көрнекті тарихшыларымен бір қатарға қояды. 
Ұлы қазақ ғалымы Қадырғали Жалайырдың есімі қазақ халқының тарихы мен 
әдебиетінде мәңгі қалады. Талдықорған қаласында ұлы ғалымға оның сіңірген 
еңбегінің құрметі ретінде ескерткіш орнатылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет