архитектурада өсімдік тектес оюлардың пайдаланылғаны мәлім. Қожа Ахмет
Яссауи кесенесіндегі жұқа кірпіштерде, Отырардағы ортағасырлық қыштарда
гүлдердің әшекейлеу үшін қолданылғаны - соның нақты айғағы. Құлпытастарда да
қызғалдақ суреттері салынған.
5. Қазақ қолөнерінде де қызғалдақ бейнесі көп бұйымдарда бедерленген. Олар: ер-
тұрман жабдықтары, тері белдік тоғалары, сақина, білезік, қамзол қапсырмалары,
ағаштан жасалған жиһаздар. Өсімдік пен гүл пішіндері кестелерде де, сырмақ,
текемет, кілем, алашаларда да бар. Шеберлер алтын жіппен ұлттық киімдерге, киіз
үй жабдықтарына, қоржын-дорбаларға да қызғалдақтың бейнесін салып
әшекейлеп, кестелеген.
Достарыңызбен бөлісу: