I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың



Pdf көрінісі
бет89/226
Дата09.08.2024
өлшемі2,71 Mb.
#203696
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   226
Байланысты:
ОКУ САУАТТЫЛЫК база (1)

 
4.14-мәтін 
I.Үстел үстінде май шам жанып тұрды, 
Жалғызсырап май шам жанып тұрды... – 
бойжеткен ыңылдап ән айтып жүр. Ол үйдің табалдырығынан үнсіз аттап өтті де, 
іркіліп тұрып қалды. Қаңырап қалған үй, терезенің түсі оңған перделері, бөлменің 
іші күңгірт тартып тұр. Катерина өзінің соғысқа кеткен сүйіктісін еске алды, ол 
жоқ болған соң үйдің іші көңілсіз, оған кірудің өзі тым ауыр соғады. Катя ауызғы 
бөлмеге енді де, май шам жақты. От біртіндеп лаулап жанып, сәулесі қабырғаның 
бойымен қозғала бастады. Катя жылап жіберді. Енді тағдыр онымен қайта 
жүздесуге жазбаса қайтеді? Егер ол ұрыста қатты жарақаттанып, қаза болса не 
амал етпекші? Бұл ойлар бойжеткен қызды шошытып жіберді. «Онсыз қалай өмір 
сүремін?» – деген беймаза ойдың шырмауына оралып жатып, ол қалай ұйықтап 
кеткенін де байқамай қалды. 
II.Аспанды қара бұлт торлап, әлсін-әлсін күзгі жаңбыр сіркіреп, жол бойында 
желмен ұшқан сары жапырақтар сыбдыр қағып ұшып жатыр. Жаныңды рахатқа 
бөлеп, сайрай жөнелетін құстардың дауыстары да естілмейді. Олардың бірқатары 
жылы мекендеріне қоныс аударып, қалған бөлігі күзгі жауын-шашыннан 
орманның ығын паналаса керек. Табиғаттың өзге мезгілінде тірлігі тынбайтын 
аңдар да ләм-мим. Бүкіл табиғат атаулы жабыла келіп, осынау қара қапаста 
жалғыз өмір сүруге мәжбүр Катеринаны мүсіркеп тұрғанға ұқсайды. 
III.Таңертең ұйқыдан оянған мезетте Катяға таң сұр түске айналғандай болып 
көрінді. Бұл бұлттың арғы бетіне жасырынған күннің күңгірт сәулесінен болса 
керек. Катя киініп алып, су алуға құдыққа барды. Жол бойымен жүріп келе жатып, 
итмұрын бұтасының түбінде бір нәрсенің қозғалғанын байқады. Бұтаның арасына 
89


жасырынам деп талпынған титімдей құс қанатын қайырып алса керек, бейкүнә 
кейіппен қыздан кері шегініп, аянышты шыр-шыр етеді. Катерина құсты көтеріп 
алып, үйіне алып келді де, оны емдей бастады. 
IV.Таңертең ерте тұрған бойда, терезеден сыртқа үңілген. Күн әлі көтерілмесе де, 
таң оған ерекше жайдары көрінді. Катя өзіне таңғы ас әзірлеп, ішіп алды да, далаға 
шықты, сол бетімен өзен бойын жағалап, өз ойымен тілдесіп, біршама уақыт 
серуендеп жүрді. Үйге қайтып оралғанда, құс орнында болмай шықты. Катя мұны 
«жақсы белгі» деп түсінді. Бойжеткен құстың орнында өзінің сүйіктісі Алексей 
деп түсінді. Негеекені белгісіз, жаны жайланып жеңілдеп қалды, себебі ол 
Алексейдің тірі екеніне сенді. 
V.Осылай бірнеше ай өтті. Бір күні күндіз көшеге шыққан ол Алексейді көріп 
қалды. Алғашында бұл Алексей емес, оның елесі сияқты болып көрінді, бірақ 
оның құшақтағаны мен сүйгенін сезінгенде, өзін шексіз бақытты жан деп сезініп, 
көзіне келген жасын тыя алмады. Алексей оған ұрыс алаңында не болғанын айта 
бастады. Сондағы болған бір оқиға Катя құтқарған құстың тағдырын дәлме-дәл 
қайталаған іспетті еді. Уақыт өте жылдам өтіп кетті, олар кештің қалай болғанын 
да сезбей қалды. Катя мен Алексей түні бойы әңгімелесті. 
VI.Әрине, адамдардың тағдыры әрқилы. Егер, Катя әлгі құсты құтқармағанда, 
оқиға басқаша құралар ма еді, кім білсін?! Бірақ, қыздың бақытына орай, тағдыр 
оған тосын сый жасады. Алексей мен Катерина бақытты өмір сүрді, ал олардың 
махаббаттары бұрынғыдан да берік бола түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет