Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
46
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда практикаға-бағдарланған тәсілді іске асыру қа-
жет. Бұл білім алушының алған білімді күнделікті іс-әрекетте тәжірибеде қолдану
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сабақтарда жағдаятар талқылау,
іскерлік ойын, пікірталас, оқу-танымдық міндеттерді шешуге арналған оқыту әді-
стерін қолдану ұсынылады. «Кәмелетке толмағандардың еңбегі заңнамамен қа-
лай қорғалады?» тақырыбы бойынша «9.4.2.1 Қазақстан Республикасының еңбек
кодексі баптарының негізінде еңбек жағдайларын анықтау», «9.4.3.1 кәмелетке
толмағандардың еңбегіне қатысты құқық нормаларын талдау» оқыту мақсатта-
рын жүзеге асыруда нормативті-құқықтық актілермен жұмыс істеу, нақты заңдық
нормаларға сілтеме жасау және білім алушылардың өмірлік жағдаяттарды ше-
шуде құқық нормаларын қолдану дағдыларын дамыту ұсынылады. Білім алушы-
лардың тиісті сөйлеу мәнерін қалыптастыру және заң терминологиясын дұрыс
қолдануына бағыт беру керек. Жауаптарын құқықтық тұрғыдан дәлелді түрде
ұсыну дағдыларын қалыптастыруға назар аудару ұсынылады. Тапсырмалардың
басым бөлігі тәжірибеге негізделген болуы, заңдық құжаттардың қарапайым
формаларын (еңбек шарты және т.б.) әзірлеуге көңіл бөлу ұсынылады.
Оқу процесінде практикалық зерттеулер, шығармашылық жұмыстар, норма-
тивтік құқықтық актілермен жұмыс, жағдаяттық тапсырмаларды талдау және
пікір алмасуға ерекше назар аудару ұсынылады. «Құқық негіздері» пәні бойынша
жағдаяттық тапсырмалар білім алушылардың мета-пәндік құзыреттіліктерінің
дамуын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәселен «9.3.2.2 меншік құқығы-
на ие болудың және тоқтатылудың жолдарын, құқықтық жағдаяттарды талдау
арқылы анықтау» оқыту мақсатын жүзеге асыру барысында білім алушылар қол-
даныстағы заңнамалық нормаларға сүйене отырып, құқықтық жағдайларды тал-
дау, өз көзқарастарын дәлелдеуге үйренеді. Бұл дағдылар білім алушылардың
күнделікті өмірде кездесетін жағдайларды шешуде маңызды болады.
Достарыңызбен бөлісу: