Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс «Адам және қоғам» білім беру саласының пәндері бойынша үлгерімі төмен білім
алушыларға күрделі оқыту мақсаттарын меңгертуде мыналарды ескеру ұсыны-
лады:
• қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау кезінде үлгерімі төмен білім алушылар-
дың қажеттіліктерін ескеру, қарапайым және түсінікті тілде, көрнекі матери-
алдар және оқытудың интерактивті әдістерін қолдануды қоса алғанда, оқу
материалын бейімдеу;
• қосымша қолдауды қажет ететін білім алушылармен шағын топтарда жеке
жұмысты ұйымдастыру;
• сабақтардың әртүрлілігі мен қызықты өтуін қамтамасыз ету және материалды
тиімді меңгеру үшін көрнекі материалдарды, аудио жазбаларды, бейнелерді
және басқа да цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;
• білім алушылардың жетістігіне баса назар аудару арқылы одан әрі жетілдіру-
ді талап ететін бағыттарды көрсете отырып, тұрақты кері байланыс беруді
қамтамасыз ету;
• қолайлы оқу ортасын құру арқылы білім алушыларға қолдау көрсету;
• білім алушылардың ынтасы мен қызығушылығына ерекше назар аудара оты-
рып, оқу процесінде көтермелеу, үлгерімі төмен білім алушылардың жетістік-
терін назардан тыс қалдырмау.
Бастауыш білім беру деңгейінде «Дүниетану» пәні бойынша үлгерімі төмен білім
алушылар үшін күрделі оқыту мақсаттарын игеруге әртүрлі әдістер мен тәсіл-
дерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Үлгерімі төмен білім алушылармен
жүргізілетін жұмыс түрлері кестеде берілген.
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
49
Үлгерімі төмен білім алушы - лармен жұмыс түрлері Ұсынымдар • Жеке жұмысқа ар-
налған карточкалар