Білім алушылардың өмірде кездесетін әртүрлі жағдаяттарда (оқу, математи-
калық, жаратылыстану сауаттылығы) білім білік және дағдыларын қолдану
қабілетін қалыптастыру.
Көркем еңбек – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана
қоймай, олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін
мектеп бағдарламасындағы маңызды пәндердің бірі.
Білім беру саласында оқу мақсаттарын дәл анықтау және оларға қол жеткізу
үшін қажетті ресурстар мен әдістерді тиімді ұйымдастыру маңызды, себебі білім
беру саласында білім алушылардың өмірде кездесетін әртүрлі жағдаяттарда өз
білімдері мен біліктерін, дағдыларын қолдана білу қабілетін дамыту негізгі мақ-
сат болып табылады.
Осылайша, «3.2.1.1 қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдер
мен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу; 3.2.2.1 аса күрделі әдістер мен
тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және
құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу» оқу мақсаттарына жету жолында
білім алушылар күнделікті өмірде әртүрлі заттар мен нысандарды жасап, визу-
алды бейнелеу дағдыларын дамытуы тиіс және үй-жайлар, демалыс орындары-
на арналған интерьер сызбаларын немесе үлгілерін ұсынады, мерекелер үшін
сыйлық ашық хаттар немесе декорациялар жасайды.
Өзінің және басқа жандардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті дамыту көркем
еңбек сабақтарында оқытудың маңызды бөлігі болып табылады. Осыған байла-
нысты білім алушылар үшін қауіпсіз әрекет ережелерін, еңбек гигиенасы мен
қауіпсіздік ережелерін сақтау, құралдарды мақсатына қарай ғана пайдалану,
оларды арнайы орындарда сақтау, сондай-ақ жұмыс орындарында тазалық пен
тәртіпті сақтау маңызды.
Осы саладағы пәндердің мазмұны күнделікті өмірде қажетті дағдыларды қа-
лыптастыруға ықпал етуі керек. «5.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, матери-
алдар мен құралдарды қолдану» оқу мақсатын жүзеге асыру шеңберінде күн-
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
52
делікті тұрмысқа қажетті материалдардан әртүрлі бұйымдарды тоқу дағдылары,
мысалы, ас үй құралдарына арналған стендтерді, жүннен жасалған жіптерден
сәндік панельдерді және т.б. тоқыма бұйымдарын (шарф, стенд, ұялы телефонға
арналған қапшық) тоқу сияқты, әртүрлі материалдардан күнделікті өмірге дағ-
дыларды қалыптастыру және білім алушыларға матаның бір немесе бірнеше тү-
стерін қолдана отырып, бұйымдарды тоқудың әдістерін үйрету ұсынылады.
Өнімді модельдеу күнделікті өмірге қажетті дағдылардың бірі ретінде осы білім
беру саласының сабақтарында да дамиды. «7.1.5.2 түрлі графикалық құралдар-
дың көмегімен бұйым дайындау үшін эскиздер орындау және графикалық пен
технологиялық құжаттар әзірлеу» оқу мақсатын жүзеге асыру шеңберінде са-
бақта білім алушыларға бұйымдарға арналған материалды (мата, моншақтар
және т.б.) ескере отырып, қол техникасын және/немесе компьютерлік бағдарла-
маларды пайдалана отырып, бұйымдардың графикалық эскиздерін әзірлеу дағ-
дыларын дамыту ұсынылады.
Осы саладағы пәндерді оқи отырып, білім алушылар технология және өнер тілі
контекстке байланысты өзгеретінін түсініп, осы тілдерді икемді түрде қолдану
қабілетін арттыруы керек. Технология сөздігі көбінесе техникалық сипатта бо-
лады және ұғымдарға, процестерге және өндіріске арналған арнайы термин-
дерді қамтиды. Білім алушылар технологиялық ақпараттың көпшілігі суреттер,
диаграммалар, блок-схемалар, модельдер, кестелер және графиктер түрінде
берілгенін түсінуді үйренуі керек. Осыған байланысты оқыту мақсаттарын дұрыс
пайдалану және пәнді және функционалдық саланы түсіну үшін оларды бөлу
немесе біріктіру маңызды, өйткені білім алушылар технологиялық процестерде,
әсіресе идеяларын тұжырымдауда және бағалауда, талқылау дағдыларын мең-
геруі керек.
Музыка сабақтарында білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша
жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізу ұсынылады, өйткені музыкалық термин-
дерді, белгілер мен ұғымдарды оқу әр түрлі жанрдағы музыкалық шығармалар-
ды түсінуге және орындауға әсер етеді.
Музыка дамуға және математикалық сауаттылыққа ықпал етеді, олар бір-бірімен
тығыз байланысты, өйткені музыка кеңістіктік ойлауға ықпал етеді және музы-
калық шығармалар симметрияға, ырғаққа және басқа математикалық заң-
дылықтарға негізделген. Мысалы, музыкалық нотаны үйрену білім алушыларға
қатаң сақталуы тиіс математикалық заңдылығы бар. Музыка уақыт ұзақтығын
(мысалы, сегізінші нота, ширек нота, жарты нота) түсінуге үйретеді: 4/4 немесе
3/4 сияқты музыкалық метрлер немесе «аккорд» термині бірнеше дыбыстардан
тұратын фраза. Музыка уақытқа негізделген, ноталардың ұзақтығы әртүрлі, ал
ритм музыканың қарқынын белгілейді. Музыкадағы уақыт қатынастарды түсіну
білім алушыларға уақыт сезімі мен санау дағдыларын, сондай-ақ қайталануы,
контрасты және дамуы бар логикалық құрылымдарды дамытуға көмектеседі.
Бұл қасиеттер білім алушыларға фуга, соната сияқты күрделі шығармаларды
түсінуге, сондай-ақ логикалық ойлау мен жағдаяттарды шешу дағдыларын да-
мытуға көмектеседі.
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
53
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұ-
мысты жетілдіру үшін PISA, PIRLS және т. б. халықаралық салыстырмалы зертте-
улердің материалдарымен, тест жинақтарымен және нәтижелерімен «Талдау»
АҚ сайтынан танысуға болады https://taldau.edu.kz/storage/app/media/PISA/%20
%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BF%20PISA-2022.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |