БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ
ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
55
жоғарылатуға; қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс тәжірибесін жал-
пылай дамыту мен түзетуге бағытталған физикалық жаттығулар арқылы байы-
туға; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеті дағдысы
мен іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз бетінше ұйымдастыруға бағыт-
талады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқуға арналған оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан
Республикасындағы бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік
оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұй-
рығының 1-3, 11-15,103-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6-8, 16-20,104- қосымша-
ларында (5-9 сыныптар), 21-30, 85-90,105,106- қосымшаларында (10-11 сыныптар)
көрсетілген.
Білім беру ұйымы оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ таңдаған жағдайда «Дене
шынықтыру» оқу пәні бойынша міндетті вариативті компоненттен 1 сағат қосы-
лады. Бұл сабақты барлық білім алушылар үшін спорттық ойындар формасында
өткізу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәнін оқыту (34-қосымшаға сәйкес 1-4-сыныптар, 67-қо-
сымшаға сәйкес 5-9-сыныптар, 126-қосымшаға сәйкес 10-11-сыныптар) «Жалпы
білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік
оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту мини-
стрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына сәйкес үлгілік оқу бағдар-
ламалары бойынша жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу кестесін жасау кезінде бір спорт залын-
да бірнеше сыныптарда сабақты қатар жүргізу кезінде білім алушылардың жас
ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дене шынықтыру сабағы білім алушылардың іс-әрекетін қатаң реттеумен және
жүктемені мөлшерлеумен сипатталады. Бұл сабақтың сауықтыру бағытына
ішінара қол жеткізеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
жүктемелердің дифференциациясын сақтау қажет. Мұғалім жұмысқа кіріскенде
білім алушылардың денсаулық жағдайын, жынысын, дене дамуын, дене дайын-
дығын, психикалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін ескеруі қажет.
Оқу жылының басында дене шынықтыру дайындығының деңгейін (тесттердің
көмегімен) және білім алушылардың денсаулық жағдайын (медициналық тек-
серулердің деректері бойынша) анықтау қажет. Білім алушылардың белгілі бір
қозғалыс әрекетін меңгерудегі дайындық дәрежесі туралы ақпаратты берілген
қарқынмен, ырғақпен және берілген амплитудамен
тапсырманы немесе жат-
тығуды орындау қабілетін байқау арқылы алуға болады. Мұғалім тест тапсырма-
ларын өз бетінше әзірлеуге құқылы.
Білім алушылардың дене дайындығы көрсеткіштері оқу бағдарламасына сәйкес
10-11 сыныптарда ғана толтырылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
56
Бағдарламалық талаптарды негізге ала отырып және әрбір білім алушының
жеке мүмкіндіктері мен физиологиялық даму ерекшеліктеріне бағдарлана оты-
рып, мұғалім талаптардың жеке шкалаларын (оқу нормативтерін) дербес әзірле-
уге және соған сәйкес оқытудың бүкіл кезеңінде білім алушылардың үлгерімін
олардың дамуының жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, объективті баға-
лауды жүзеге асыруға құқылы.
Білім алушылар денсаулық жағдайы бойынша медициналық топтарға (негізгі,
дайындық, арнайы) бөлінеді. Негізгі медициналық
топтың білім алушыларына
шектеусіз оқу бағдарламаларының барлық талаптары қойылады. Денсаулық
жағдайы бойынша дайындық медициналық тобына жатқызылған білім алушы-
лар медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып,
оқу бағдарламаларының талаптарын орындайды. Ерекше білім беру қажеттілік-
тері бар білім алушылар (тірек-қимыл аппаратының бұзылуынан басқа) денса-
улықтың негізгі тобына жатқызылған білім алушылармен бірдей жаттығуларды
орындайды, бірақ жеңілдетілген түрде білім алушылардың осы тобымен жұмыс
істеуде бейімделген дене тәрбиесі (БДТ) тәсілдері мен қағидаттары қолданыла-
ды.
Арнайы медициналық топқа жатқызылған білім алушыларға негізгі топпен бір-
ге, бірақ жеке (сараланған) тәсілдеме негізінде айналысу ұсынылады.
1. Дене шынықтыру сабақтарына спорттық киімі бар, ауа-райына, спорттық са-
бақтың түріне немесе еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес
барлық білім алушылар қатысады. Әрбір оқу жылының басына дәрігерлік-бақы-
лау комиссиясының анықтамасын ұсынған білім алушылар дене жүктемесінен
босатылады.
2. Дене жүктемесінен босатылған барлық білім алушылар спорт залының үй-жай-
ында немесе спорт алаңында дене шынықтыру мұғалімінің қарауында болады.
3. Дене жүктемесінен уақытша босатылған білім алушылар «Дене шынықтыру»
пәнінен босатылмайды. Сабақта олар теориялық сұрақтарды зерттейді, өздерін
төрешілікте көрсетеді, білім алушылардың қозғалыс
техникасын бағалайды
және т.б., тиісті бағалар мен үй тапсырмаларын алады.
4. Дене шынықтыру сабағына қатыспаған кезде білім алушы куәландырылған
медициналық анықтаманың немесе сынып жетекшісіне берілетін өзге де ресми
құжаттың болмау себебін растауға міндетті.
5. Дене шынықтыру мұғалімі осы білім алушылармен алдағы сабаққа: материал-
ды теориялық зерттеу; интеллектуалды ойындар; сабақты ұйымдастыруға неме-
се төрешілік жасауға көмектесетін физикалық немесе басқа сабақтардың түрін,
дәрежесін және деңгейін анықтайды.
Дене шынықтыру сабақтарында білім алушылардың денсаулық жағдайы, гено-
типі, ішкі ұстанымдары, басым психоэмоционалды күйлері сияқты жеке ерек-
шеліктерін ескеру қажет.
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
57
Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқитын сынып-
тарда дене шынықтыру сабағында сабақ кезінде олардың білік, дағдыларын,
денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілдемені қолдану керек, сәйкесін-
ше сабақты жоспарлау, балаларға жүктемені бөлу және оқыту формалары мен
әдістерін таңдау керек. («Дене шынықтыру», «Музыка», «Көркем еңбек», «Кәсіп-
керлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша
сынаққа
қойылатын талаптар - Астана
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. --192 Б. https://uba.edu.kz/qaz ).
Сондай-ақ, білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында
дене шынықтыру мұғалімдеріне ҰҒП ДТО сайтының «Әдістемелік материалдар»
бөлімінде орналастырылған дене шынықтыру және спорт бойынша әдістемелік
материалдарды пайдалану ұсынылады (https://nnpcfk.kz/index.php/kk/ ).
Достарыңызбен бөлісу: