Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Білім алушылардың жобалау және зерттеу әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет32/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Білім алушылардың жобалау және зерттеу әрекетін ұйымдастыру 
Бастауыш сыныптағы білім алушылардың мета-пәндік құзыреттіліктерін қалып-
тастыруда зерттеу әдісі тиімді болып табылады. Проблемалық, іздеу, зерттеу әді-
стерінің элементтерін қолдану оқу процесін нәтижелі етеді. Білім алушылардың 
зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту белгілі бір мақсаттарға қол жеткізеді. 
Білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, жоғары нәтижеге же-
туге жетуге ынталандырады. 
Бастауыш білім берудегі 1-4 - сынып білім алушыларының қарапайым зерттеу 
дағдыларын қалыптастыру үшін зерттеу жұмысын жүргізуге «4.3.5.1 зерттеулер 
негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын 
(ұлттық бренд) ұсыну» оқыту мақсаттарын пайдалану ұсынылады. Аталған оқы-
ту мақсаты білім алушылардың елдің тарихи, мәдени және географиялық ерек-
шеліктерін талдау қабілетін дамытады, Қазақстанның мемлекет ретіндегі ұлттық 
бірегейлігі мен маңыздылығы туралы қарпайым түсінігін қалыптастыруға мүм-
кіндік береді. «4.3.1.3 мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну» оқыту мақсаты білім 
алушылардың жобаны жоспарлау және ұйымдастыру, мұражай экспозициясын 
әзірлеу кезінде шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал 


БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, 
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
47
етеді.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша негізгі орта білім беру 
деңгейінде білім алушылардың нақты оқу материалы аясында тарихи ойлау дағ-
дыларын дамыту мақсатында оқытуды белгілі бір тарихи концептілерге негіз-
деу ұсынылады. Бұл тәсіл зерттеуге негізделген оқытуды қамтиды. «Қазақстан 
тарихы» пәні бойынша әрбір тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған, 
ал «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар 
зерттеу сұрақтары түрінде берілген. Бұл педагогтен сабақтың басында-ақ білім 
алушылардың ойлау әрекетін дамытуды, олардың сыни ойлау, проблемалық 
мәселелерді қою дағдыларын және өз бетінше талдауына мүмкіндік береді. 
Осыған байланысты зерттеу сұрақтары бойынша жұмысты ұйымдастыру ұсыны-
лады. 
Білім алушылар тарихи дереккөздерді талдау және түсіндіру әдістерін пайдала-
на отырып, тарихтың әртүрлі аспектілері бойынша зерттеулер жүргізе алады. Бұл 
оларға әртүрлі салалардағы зерттеу жұмыстарында пайдалы болуы мүмкін ақпа-
ратты жинау, талдау және бағалау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Мысалы, 
«Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?» 
зерттеу сұрағы арқылы «5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау» оқыту мақ-
сатын жүзеге асыру барысында қазақ жеріндегі халықтың нақты тұрмыс жағдай-
ларын, өмір салтын талдау маңызды болып табылады. «8.1.1.1 демографиялық 
өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау», «11.2.1.2 Қазақстан аумағындағы 
халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу», «11.2.2.1 көші-қон са-
ясатының ерекшеліктерін анықтау үшін «көші-қон», «эмиграция», «иммиграция», 
«репатриант», «диаспора», «ирридента» ұғымдарын пайдалану» оқыту мақсатта-
рын жүзеге асыру барысында «Бір суреттің тарихы», «Қазақстандық қоғам қалай 
полиэтникалық сипатқа ие болды?» шағын жобасын жасау ұсынылады. Мұндай 
жұмыс заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен 
жаңа мәліметтерді өз бетінше табу, талдау, іріктеу, қайта құру, сақтау, түсіндіру 
және оның ішінде пайдалануға, өңдеуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» 
және «Құқық негіздері» пәндері бойынша жалпы орта білім беру деңгейіндегі 
үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес әрбір оқу тоқсан соңында зерттеу жұмыста-
рының тақырыптары ұсынылады. Білім алушыларға белгіленген зерттеу тақы-
рыбы аясында белгілі бір аспектіні таңдау құқығы берілуі керек. Әрбір тоқсанда 
ұсынылған зерттеу жұмыстары жобалық-зерттеу сипатындағы жұмыстар ретінде 
ұйымдастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмысының мақсаты өткен бөлім тақырыпта-
рының жекелеген аспектілері бойынша теориялық материалды қорытындылау, 
талдау және жүйелеу. Бұл зерттеу дағдылары, шығармашылық және сыни ой-
лау дағдылары, қарым-қатынас, ынтымақтастық дағдыларын жетілдіруге ықпал 
етеді.
«Құқық негіздері» пәндері бойынша зерттеу жұмыстарын орындау білім алушы-
ларда құқықтық жағдайларды талдау, нормативтік құқықтық құжаттар негізінде 
дәлелді пайымдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
48
Жобалық зерттеу жұмысты орындау барысында білім алушылар зерттеу сұрақта-
рын құрастыру, құқықтық деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, 
өз болжамдарын ұсыну, нәтижелер мен қорытындылар шығару, өз ұстанымда-
рын белгілеу, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде анық және сауатты жет-
кізе білу сияқты зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастырады және дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет