Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет200/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбиешi мiндетi
– тәрбиелiк ықпалдардың баршасын өз 
мойнына артып, үдеріс басшылығын жеке өз қолына топтасты-
ру емес. Керiсiнше, педагог iс-әрекетi неғұрлым демократизм 
мен шығармашылық еркiндiкке негiзделсе, оның ұйымдастыру 
және бағыттау күш-қуаты да әсерлi келедi. Үдеріске байланыс-
ты шарттар мен жағдайлар ескерiлсе, өз әрекеттерiнің сал-
дарын мұқият талдап, одан дұрыс қорытынды шығара алса, 
тәрбиешi қызметi әрқашан табысқа кенеледi.
Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократиялас-
тыру мен гуманизациялау идеялары мектеп өмiрiнен шы-
найы орын тауып, қарапайым адамилық сезiмдердің – балаға 
қамқорлық, сүйіспеншiлiк пен мейiрiмдiлiк – үстем болған 
күнiнде ғана iске асуы мүмкін. Сондықтан бүгiнгi таңдағы 
тәрбиешi алдында тұрған аса маңызды мiндет – тәрбиеленушiнi 
педагогикалық ықпалдарды шын көңілiмен қабылдауға ойыс-
тыру. Педагогикалық бағыттау өте әдiптi, жайбарақат, елеу-
сiз, мүмкіндiгiнше баладан жасырын жүргізілгенi жөн. Бала 
тәрбиесiне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебiз бiл-
дiре тәрбиелеу қажет.
Сонымен, тәрбие үдерісi жалпы педагогикалық iстер желiсiн-
де оқу жұмыстарымен бiрге жүріп отырады. Бұл қызмет бiрқанша 
өз ерекшелiктерiне ие, сондықтанда өз алдына педагогикалық 
сала ретiнде дербес қарастырылады. Тәрбие үдерiсiнің атаулы 
ерекшелiктерi: көпжағдаяттылығы, қозғалмалылығы, ұзақ мер-
зiмдiлiгi, күрделiлiгi, баламалылығы, екiұштылығы мен нәтиже 
алшақтығы.
Тәрбие үдерiсiнің құрылымы 
Тәрбие 
үдерісi 
қалай жасалатыны, оның iшкi құрылымы 
қандай екенiн бiлу оңай емес. Себебi бұл үдерiстің өте 
күрделiлiгiнен оның құрылымдық өлшем-шектерiде сан-алу-
ан. Тәрбие құрылымын ажыратып тануда бiз осы үдерiстің 


272
мақсаттары мен мiндеттерiн, тәрбие үдерiсiнің мазмұнын, 
оның өту жағдайларын, тәрбиешi мен тәрбиеленушi ара-
қатынастарын, тәрбиелiк iсте қолданылған әдістер мен фор-
маларды, үдерiстің уақыт шектерiндегi даму кезеңдерiн арқау 
етiп жүрмiз. Аталған құрылымдық негiздердің кейбiрiнің сипат-
тамасын берейiк.
Тәрбие үдерiсiнің құрылымы өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет