274
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тәрбие үдерiсiнің
барша жүйесiне әсер етедi әрi оның аса маңызды бiрлiктерi
арасындағы байланыстарды танытады. Бiрақ тәрбие үдерісi,
бiз бiлетiндей, педагогикалық үдерiстің құрамды бөлiгi болуы-
мен осы үдеріс заңдылықтарына тәуелдi келуi табиғи құбылыс.
Бұл үдерiсте даму және қалыптасу заңдылықтары әрекетке
түседi. Бұдан шығатын қорытынды – тәрбие ісі аса күрделi
де көп түрлі сипатқа ие. Тәрбие нәтижесі үшiн өте қажет
нәрсе: тәрбие үдерiсiнің тиiмдiлiгi (өнiмдiлiгi) мен тәрбие са-
ласын анықтайтын оның сипаттары және шарт – жағдайлары
арасындағы байланыстардың қалай түзiлетiнiн түбегейлi бiлу.
Достарыңызбен бөлісу: