объектив және субъектив жағдаяттардың бiр- лiктi әрекетке түсуiне. Субъектив жағдаяттар құрамы:
тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлер, олар арасындағы
ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық
климат және т.б., ал объектив жағдаяттар: тәрбиенi iске асыруға
қажет шарттар – экономикалық, материалды – технологиялық,
әлеуметтiк, санитар – гигиеналық және т.б. Әрқандай нақты
тәрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса,
күрделi бiрiгiмге келуi тәрбие үдерісiне қайталанбас, өзiндiк
сипат бередi. Сөйтсе де, тиiмдi тәрбиенi қамтамасыз ету үшiн
оған қолайлы жағдайлар түзiлуi қажет.
–
тәрбие мен өзiндiк тәрбие қарқындылығына .
Өзiндiк тәрбие – өз тұлғасын жетiлдiруге бағытталған оқушы iс-
әрекетi. Өзiндiк тәрбие үдерiсiнде бала тәрбие үдерісінің субъ-
ектi ретiнде танылады. Әрқандай өзiндiк тәрбие нақты оқушы
өмiрiнің мазмұнымен, оның қызығулары және жасына сай
қатынастарымен тiкелей байланысты. Өзiндiк тәрбие сырттай
тәрбиемен сабақтас әрi оның нәтижесi. Тәрбиеленушiнің өзiн-
өзi бағалай бiлуi, өзiнің ұнамды қылықтары мен келеңсiздiктерiн
тануы, жеке өмiрлiк жоспарын iске асыруға кедергi болар
жәйттердi ерiк күшiн қосып жеңе бiлуі - өзiндiк тәрбиенің табыс
кепiлдерi. Ал оқушының өзiн жетiлдiре бiлуiнен, яғни өзiндiк
тәрбиеден мұндай кепiлдiктер дамып, ұлғая түседi.
–
тәрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу үдерістерінің тиiмдiлiгiне. Белгiлi болғандай, егер екi үдеріс
өзара байланысты iске қосылса, онда олардың бiрiнің тиiмдiлiгi
көтерiледi не кемидi де, екiншiсiне өз ықпалын тигiзедi. Осы-
дан тәрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму ұтымды
тәрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделi ке-
дергiлер туындайды да, олар өз кезегiнде тұлғаның дамуына
да, оқуына да, тәрбиесiне де жайсыз жағдайлар жасайды.