Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет207/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбиенің 
жеке 
тұлғалық 
және 
қоғамдық 
бағыттарының бiрлiгi принципi.
Озат ойлы педагогтар 
тәрбиенi “өсиет пен өнеге, сендiру және зорлау жәрдемiмен 
адамдарды сәби шақтан iс-әрекетке қосып, игерiлген ере-
желердi тұрмыста қолдануға үйретушi қоғамдық құрылым” 
(Г.Сент-Джон) ретiнде таныған. Әр дәуiрде бұл принцип мәнi 
ауысып барған: бiрде жеке тұлғалық бағыты басымдау болып, 
кейде қоғамдық, мемлекеттiк бағыты жетекшiлiк еткен. Алай-
да, тәрбиенің басты мiндетi – адамды белсендi қоғамдық әрi 
рахаты мол жеке өмiрге дайындау – қай заманда да сақталып 
қала бередi.
Бұл принцип бойынша педагогтың барша қызметi өсiп келе 
жатқан әулет тәрбиесiн мемлекеттің тәрбиелiк стратегиясына 
сәйкес орындауға және әлеуметтiк үйлесiмге келген тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталуы тиiс. 
Мемлекет қызметiндегi 
тұлға ретiнде тәрбиешi тәрбие саласындағы мем-
лекеттiк тапсырысты орындайды.
Егер мемлекет 
және қоғам мүдделерi сәйкес келсе, азаматтардың жеке 
мүдделерiмен үйлесiмдi болса, онда тәрбие принциптерi де 
тәрбие мақсаттары мен мiндеттерiнің саласында өзіне тиiстi 
орын алады. Ал бұл жағдай керiсiнше болса, принцип iске ас-
пай қалады, себебi тәрбиешiнің тәжiрибе қорына толыққанды 
тәрбие үшiн қажет нақты деректер түспейдi.
Бұл принциптi iске асыру барысында әсiре ұрандаудан
желiкпе үндеулерден, бөспе сөзділiктен аулақ болған абзал, 


279
себебi тәрбие ең алдымен құнды әрекет-қылық және қарым-
қатынас тәжiрибесiн жинақтауға мүмкіндiк беретiн пайдалы 
iс-әрекет, қызмет үдерiсiнде жүзеге келедi. Алайда оқушы 
араласқан нақты iс-әрекет (ойын, еңбек, қоғамдық iстер, оқу, 
спорттық және т.б.) тәрбиелiк мәнге ие болуы үшiн, оның субъек-
тi – балада сол әрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілердi 
қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары iзгiлiктi, қоғамдық 
мән-мағынасымен елеулi болып келсе, әрекет-қылықтар 
нәтижесiнде орындалатын қызмет те үлкен тәрбиелiк ықпалға 
ие болады. Әр тұлғаның әлеуметтiк сапаларын орнықтыруда 
оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегi олардың мақсатты 
бағытталған сана-сезiмiн қалыптастыру iстерiмен ұштасуы 
қажет. Баланы қандай да iс-әрекетке ойыстыруға қолданылған 
сөз, ауызекi нұсқау нақты тұрмыстық пайдалы қызмет пен 
ұнамды әлеуметтiк тәжiрибеде өз бекiмiн табуы тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет