Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Тәрбиеде өнеге-үлгiнi сүйенiш ету принципi



Pdf көрінісі
бет209/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбиеде өнеге-үлгiнi сүйенiш ету принципi.
Егер өз 
тәрбиеленушiсiнде педагог тырнақтай да жақсылық нышанын 
байқап, оны тәрбие үдерiсiнде пайдаланатын болса, оның 
шәкiрт жанына жол тауып, тезiрек табысқа жетуi сөзсiз. Дана 
педагогтар тiптi тәрбиесi жетiмсiз балалар мiнезiнде ұнамды 
бiтiстер тауып, оларды тәрбие мақсатына орай басқа да қасиет-
сапаларды қалыптастырып, тұрақтандыруға шеберлiкпен 
қолдана алған. Ұнамды үлгi-өнегелердi сүйенiш ету принципiнің 
талаптары қарапайым: педагог баланың ұнамды мiнез бiтiсiн 
табады, оны пайдаланып, басқа, әлi қалыптаспаған не керi кет-
кен мiнез бiтiстерiн дамытады, қажеттi деңгейге жетiлдiрiп, өзге 
әрекет-қылық сапаларымен үйлестiредi.
Баланың ұнамды сапалары (жануарларға мейiрiм, тума 
қайырымдылық, ықыластылық, жомарттық және т.б.) келеңсiз 
қасиеттермен (уәдесiздiк, өтiрiк айту, ерiншектiк және т.б.) бiрге 
жүреді. Бiрақ түгелдей “бұзық” не тума “сүйкiмдi”’ бала болмай-
ды. Адамдағы болымды қасиеттердi молынша көбейтiп, керi 
сапаларды мүмкіндiгiнше азайту – тұлғаны игiлендiру жолында 
тәрбие қолынан келер маңызды мiндет.
Тәрбиешi қызметі табысты болып, тез әрi ұнамды нәтижеге 
жетуi үшiн, ол келесi ережелердi ұстануы қажет:
1. Тәрбие үдерiсiнде дау-дамайға, тәрбиешi мен 
тәрбиеленушi арасындағы қайшылыққа, күш және көзқарас тай-
таласына жол бермеу мiндеттi. Тек қызметтестiк, шыдамдылық 
және бала тағдырына мүсiркей араласумен ғана ұнамды 
нәтижелерге жету мүмкін.
2. Оқушы қылық-әрекетiндегi тек олқылықтар мен кемшiлiк-
терге ғана назар аудара беру қателiк. Әрдайым жақсы ны-
шандарды тауып, қолдау шарт. Әлбетте, келеңсiз сапаларды 
түзету қажет. Дегенмен, мүмкін болғанша, алдымен ұнамды 
қасиеттердi анықтап, қалыптастырып, одан әрi оларды жетiл-
дiре түсу.
3. Педагогикалық тұрғыдан тәрбиеленушiлердің ұнамды 
қызығулары мен бейімдiлiктерiне (танымдық, эстетикалық, 


282
табиғат және жануарларға қайрымдылық және т.б.) арқа сүйеген 
тиiмдiлеу, олар жәрдемiмен көптеген еңбек, имандылық, 
эстетикалық тәрбие мiндеттерiн шешуге болады. Ұнамды үлгi-
өнегенi пайдалану принципi тәрбие үдерiсiнің табиғатына берiл-
ген жетекшi өзектi таба бiлуге байланысты. Әр нақты жағдайға 
орай осы өзектi табу-бала тәрбиесi жолында жанпидалыққа 
түскен қай педагогтың да қолынан келетiн iс. 
4. Ұнамды тәрбие аясын (фон) түзу – өнеге пай-
далану принципiнің және бiр шарты. Бұл ая құрамы – 
тәрбиеленушiлердің тiршiлiк, iс-әрекет ауқымы мен тәрбиелiк 
қатынастар мәнері. Байыпты, iскерлiк жағдай жасалып, әркiм 
өз iсiмен шұғылданып, басқаларға кедергi болмаса, еңбектену 
мен тынығу жоғары дәрежеде ұйымдастырылса, “қабырға 
да көмектесiп” дегендей сергек те сенiмдi алға iлгерiлеу бо-
лады. Жұмыс орнының барша қолайлықтары алдын ала ой-
ластырылып, үйлесiмдi әрекеттер мен бiрдің екiншiге болған 
қамқорлығы сезiлсе, мұның бәрi қызмет бабындағы адамға 
ұнамды әсер етпей қоймайды.
5. Қателіктерiнен үздiксiз тәрбиеге ұшыраған бала өзіне, 
өз күш-қуаты мен мүмкіндiктерiне сенуден қалады. Тәжiрибелi 
педагогтар ғұлама 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет