283
жүктемеден белi қатаймаған баланы құтқару үшiн тәрбиелiк
ықпалдардың бәрiн бiр арнаға келтiрiп, тұлғаға бағытталған
күштердің ұнамды әсерiн көтеру - тәрбиелiк ықпалдар бiрлiгi
принципiнің басты талабы.
Аталған принциптi iске асыру ережелерi тәрбиешiге өз
қызметiнің барша саласында кезiгетiн жағдайларды ескеруге
көмектеседi.
1. Тәрбиеленушi тұлғасы отбасы, жолдас достары,
төңірегiндегi ересек адамдар, қоғамдық мекемелер мен
оқушылар ұжымы және т.б. ықпалында қалыптасады. Осы
сан қыйлы ықпалдар арасында бiршама маңызды рөл сы-
нып ұжымы мен тәрбиешi тұлғасына тиiстi болатынын еске
ұстай отырып, басқа да тәрбиелiк әсер көздерi болатынын
ұмытпаған жөн. Сыныптағы оқушылар мен тәрбиешiден бола-
тын талаптардың бiр-бiрiне қайшы келмей бiр бағытта болғаны
аса қажет.
2. Тұлға қалыптастырудағы бас жетекшi – отбасы. Өз
баласының даралық ерекшелiктерiн тереңнен сезiну, оның
тәрбиесiнде қайталанбас жол таба бiлу мен сол тәрбиеге мей-
iр, жүрек жылуын қосу тек ата-аналарға ғана берiлген шебер-
лiк. Бұл тұрғыдан оларды ешқандай тәрбиешi-педагог не оның
iстерi ауыстыра алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: