294
Тәрбие
тәсiлi
– жалпы әдіс бөлiгi, нақты жақсаруға жеткiзетiн
жеке әрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тәсiл – тәрбиешiнің өз
шәкiрттерiмен бiрге мақсатқа тезiрек жету үшiн таптап өткен
соқпағы. Егер осы тәсiлмен басқа да тәрбиешiлер пайдалана
бастаса, тәсiлдер уақыт озуымен даңғыл жолға – әдістерге
айналады. Әдiстер мен тәсiлдер байланысының тығыз екенi
осыдан көрiнедi.
Тәрбие
құрал-жабдықтары.
Тәсiлдер жеке ықпалдарды
байқатса, құрал-жабдықтар сол тәсiлдердің жиынтығынан
құралады. Мысалы, еңбек – тәрбие құралы, ал көрсету, еңбектi
бағалау, жұмыс қателiгiн бiлдiру – тәсiлдер. Сөз (кең мағынада)
– тәрбие жабдығы, ал iлiкпе сөз, әзiл ескертпе, ескертпе теңеу
– осы жабдық құрамындағы тәсiл. Бұл тұрғыдан кейде тәрбие
әдісiн көзделген мақсат үшiн қолданылатын тәсiлдер мен
құрал-жабдықтар
жүйесi
деп те айтады.
Әдiс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен
нақты жағдайларға сай келетiндерiн таңдап алу үшiн оларды
қандай да бiр ретке келтiрiп, топтастыру, (классификациялау)
қажет. Әдiстер
Достарыңызбен бөлісу: