Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет214/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

не үшiн? неге қажет? не 
бередi?
) алға тартылып, тәрбие мазмұнына ұнамды қатынас 
жасауға күштi себепшi болады. Бастауыш мектеп тәрбиешiсi 
жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап бере бiлуi тиiс, сонымен 
балаларды тәрбиенің артықшылығына түсiндiре сендiрiп, мек-
тепке, жалпы тәрбиеге болған күмәндерiнен арылту қажет.
Ұтымды ұйымдастырылған тәрбие адамды өмiрдегi үш бас-
ты рөлге – 
азамат, еңбеккер, отбасы иегерi 
болуға дайын-
дауы тиiс. Аталған тұлғалық сапаларды қалыптастыруда баста-
уыш мектептің маңызы орасан: өсiп келе жатқан ұрпақ өкiлiнің 
нақты қасиеттерiн баулып, дарыту кiшi сыныптар үлесiне ти-
ген.
Азаматтық сапалар:
Ел, қоғам, ата-ана алдындағы борыш сезiмi, яғни
азаматтық мiндеттердi атқару.
Ұлттық мақтаныш және отаншылдық сезiмi. Ана тілді, 
Мемлекеттің Ата Заңын, мемлекеттiк өкiмет органдарын, 
Елбасы-Президенттi, мемлекеттiк рәміздердi сыйлау.
Ел тағдырына жауапкершiлiк.
Қоғамдық тәртiп, бiрлiктi өмiр кешу мәдениетi.
Елдің ұлттық байлығына, тiлiне, мәдениетi және 
үрдістеріне ыждағатты қатынас.
Қоғамдық белсендiлiк.
Демократиялық принциптердi ұстану.
Табиғатқа қамқорлық.
Өзге адамдар құқықтары мен еркiндiгiн құрметтеу.
Белсендi өмiрлiк бағыт-бағдар.


288
Құқықты мойындау және азаматтық жауапкершiлiк.
Адалдық, шыншылдық, қайырымдылық, мейiрбандық.
Өз iстерi мен қылықтарына жауапкершiлiк.
Тарих тәлкегiмен шет елдерге орын тепкен қандастарға 
бауырмалдық.
Интернационализм, басқа ұлт өкілдеріне, ел халықтарына 
сый, құрмет.
Қазіргі заман еңбеккерi сапалары
Тәртiптiлiк және жауапкерлiк.
Еңбектенуге қабiлеттiлік және ұқыптылық.
Жалпы және экономикалық бiлiмдер.
Саяси бiлiмдер.
Еңбекке шығармашылық қатынас.
Табандылық, тапсырыстарды жылдам да тез орындауға 
ұмтылыс.
Кәсiптiк мақтаныш, шеберлiкке құрмет.
Саналылылық, кiшiпейiлдiлiк, ұқыптылық.
Еңбек тәжiрибесi.
Кеуiлдi өндiрiс мәдениетi.
Еңбекке, өмiрге, бiрлiктi қызметке әсемдiк қатынас.
Ұжымдылық, бiрлiктi еңбек ептiлiгi.
Ынталылық, дербестiк.
Ел, қоғам игiлiгi үшiн көп әрi жемiстi еңбектенуге дайын 
болу.
Iскерлiк пен тапқырлық.
Еңбек нәтижелерiне жауапкерлiк.
Еңбек адамдары мен өндiрiс шеберлерiне құрмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет