Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет212/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәрбие мазмұны
Тәрбие мазмұны
– бұл белгiленген мақсаттар мен 
мiндеттерге сәйкес меңгерiлуi тиiс бiлiм, ептiлiк, дағды, 
көзқарас пен нанымдар қоры, тұлғаның мiнез бiтiстерi мен 
тұрақты әдеттерiнің 
жүйесi
. Ақыл, тән-дене, еңбек және 
политехникалық, инабаттылық пен имандылық, эстетикалық 
тәрбие – бәрi бiрдей бiртұтас педагогикалық арнада тоғысып, 
тәрбиенің басты мақсаты – жан-жақты әрi үйлесiмдi дамыған 
тұлғаны қалыптастыруға қызмет етедi.
Қазіргі өтпелi заманда тәрбиеге деген көзқарас әлi 
тұрақтамай тұр. Нақты стратегия болмағандықтан мектеп және 
басқа да тәрбие мекемелерi дағдарыста. Солай да болса, 
дағдарыстан шығудың жолы ретiнде бүкiл қоғамдағы сияқты 
мектептегi гуманизация және демократия бағыты бiрден-бiр 
дұрыс деген пiкiр орнығуда. Бұл күндегi тәрбие үдерiсiнің мәнiн 
түсiнуде төменде келтiрiлген идеялар негiзге алынады:


285
1. 
Тәрбие мақсатының шынайылығы
(реализм). 
Бүгiнгi таңдағы тәрбиенің нақты мақсаты – адамды оның өз 
басының тiлек, қабiлет және дарынына сәйкес жан-жақты 
дамыту. Бұл мақсатты iске асыруда сүйенiш болар құрал – 
оқушыға мәдениеттің тiрек негiздерiн игерту. Осыдан, тәрбие 
мазмұнындағы өзектi ұғым – тұлғаның 
“тiрек мәдениетi”

Бұл әр адамның өз тiршiлiк және өмiрлiк салты мен әрекет 
жолын таңдастыра бiлу мәдениетi, яғни жалпы бiлiктiлік және 
адамгершiлiк сапа-қасиеттерi қоры: дүниенi тану бiлiмдерi мен 
оған қатынасы; инабаттылық және имандылық қылық-әрекетi; 
адамилық қатнастары мен еңбектену мәдениетi; демократиялық 
және құқықтық, экономикалық және экологиялық, көркемөнер 
және тән-дене, отбасы қатынастары мәдениетi.
2. 
Ересектер мен балалардың бiрлiктi iс-әрекетi. 
Аға ұрпақ есiнде: кеңестiк педагогика талаптарына сәйкес 
педагог пен оқушы қызметi өзара ажыралатын: педагог мiн-
детi - оқушылар үстiнен қарап, олардың жұмысына басқарым 
беретiн де, оқушылар – мұғалiм нұсқауларын бұлжытпай 
орындауға мiндеттi болатын. Мұндай жүйе тыңғылықты нәтиже 
қамтамасыз етуде қауқарсыздық танытты, себебi тәрбиешi 
мен тәрбиеленушiлер әрекетiнде бiрлiк болмады. Гуманистiк 
педагогика педагогтарды инабаттылық өнегелерiн балалармен 
бiрге тiзе қоса iздестiруге бағыттап, ең жоғары рухани және 
еңбек мәдениетi үлгiлерiн iрiктеуге, соның негiзiнде өзiндiк 
құндылықтар, жеке өмiрлiк қалып талаптары мен заңдылықтар 
қалыптастыруға ойыстырады. Тәрбие мұраты арқауына 
қол жетпейтiн “ай, жұлдыз” емес, нақты өмiр қажетiне тиiстi 
құндылықтар алынуы тиiс.
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет