296
дистерiн, ақын-жыраулар тағылымдарын, шешен билердің
ұлағатты кеңестерiн,ғұлама Абайдың “Қара сөздерiн” ж.т.б.
тағылым-тәрбие көздерiн молынша пайдалануда. Сондай-ақ
әдептiлiк-имандылық тақырыбындағы
әңгімелер, ұғындыру,
түсiндiру, әдептiлiк сұхбаттары, насихаттау, сендiру,
көрсетпе беру
әдістерi де өз қолданымын табуда. Сендiрудің
аса маңызды әдісi –
өнеге-үлгi.
Әдiстердің әрқайсысы өз ерек-
шелiгi мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрiнгенмен,
бұл топ әдістерiнің бәрi де жоғары педагогикалық бiрлiктi қажет
етедi әрi жүйелi түрде басқа әдістермен бiрге қолданылады.
Этикалық
тақырыптағы
әңгіме
–
инабаттық
мазмұнға негiзделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл
көтеріңкiлiгiмен әсерлi баяндау әдісi. Сезiмге ықпал ете отырып,
әңгіме моральдық бағамдар мен әрекет-қылық қалыптарының
мәнiн түсiнiп, ұғуға жәрдемдеседi. Ол адамгершiлiк ұғым,
түсiнiктерiнің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың
инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық
әрекеттерiне деген ұнамды қатынас өрбiтiп, мiнез-құлықтың
оңды өзгерiсiне ықпал жасайды. Әдептiлiк әңгімелерi бiрнеше
қызмет жасайды: 1) бiлiм көзi; 2) тұлғаның адамгершiлiк сапа-
ларын басқалардың имандылық қасиеттерiмен толықтырады;
3) тәрбиелiк ұнамды үлгi-өнегенi өрнек ретiнде ұсынылады.
Әдептiлiк әңгіме тиiмдiлiгi келесi шарттарға байланысты:
– әңгіме оқушылардың әлеуметтiк тәжiрибесiне сәйкес болу
қажет. Ол – қысқа, түсiнiктi, балалар толғаныстарына орай;
– әңгіме көрнекiлiк әдісiн бiрге қолдану арқылы жүргізіледi
(көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық
өнерменттерi бұйымдары), әңгіме мазмұнын қабылдауға ән-
күй үлкен жәрдем бередi;
– әдептiлiк әңгіме өткiзу үшiн қолайлы үй-жай, жағдай
қажет.
Қоршаған жай-жағдайлардың әсемдiгi мен
Достарыңызбен бөлісу: