Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет228/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тапсырыстар беру
– балаларды ұнамды қылық-
әрекеттерге жетелеудің тиiмдi жолы. Тапсырыстар түрі әрқилы: 
сырқат жолдасынан хабар алып, оның оқуына жәрдемдесу; 
қамқорлыққа алынған бала бақшаға ойыншықтар дайындау; 
сынып бөлмесiн мейрамға безендiру ж.т.б. Қажеттi сапалар-
ды дамыту үшiн де тапсырмалар қолданылады, мысалы, 
нақтылығы мен ұқыптығы кем балаларға - дәл әрi орынды жа-
сау әрекетi, шыдамсыздарға - байсалдылық талап қылатын 
жұмыстарды тапсырып тәрбиелеуге болады. Тапсырыстың 
орындалуын ежелеп, түсiндiрiп жатудың қажетi жоқ.
Тәрбиелiк жағдайлар
– арнайы жасалған шарттарға орай 
тәрбиеленушi iс-әрекетi мен мiнез-қылығын қалыптастыру 
әдісi. Тәрбиелiк жағдайлар (ситуация) тиiмдiлiгiн көтерудің екi 
жолын еске ұстаған жөн:
– жағдай жалған, жасанды болмай, нақты өмiрде кездесетiн 
қарама-қарсылықтары мен күрделiлiктерден құралуы тиiс. 
Тәрбиешi әдейi жағдай туындатушы шарттарды түзедi, ал олар 
табиғи қалпында өтуi тиiс. Мектеп өмiрi мұндай шарттарға бай: 


306
“Оқушы –мұғалiм”, “Оқушы – жол тәртiбiнің сақшысы”, “Оқушы 
– ертеңгi серуен басшысы” ж.т.б. тосын жағдайлар. Мұғалiм ес-
кертпесiн күткен тәрбиеленушi оған алдын ала дайындалады, 
ал әрекет тосын болса, көп жағдайда бала мұғалiм айтқанына 
көнедi. Оқушының тосын қылығына мұғалiм кеңпейiлдiлiк, 
қайырымдылық танытуы лазым. Бiрақ бұл жағдайдағы басты 
шарт: бала мұғалiм әрекетiн дұрыс түсiнiп, оны әлсiздiк, сенiм-
сiздiк демей, жоғары адамгершiлiк тұрғысынан қабылдауы тиiс. 
Қай жағдайда да мұғалiмнің тәрбиелік әрекет дамуына тiкелей 
араласпағаны жөн.
Аталған әдіс басқа тәрбие әдістерiнің баршасымен тығыз 
байланысты.
Тұлға мiнез-қылығын қалыптастыру әдістерi тәрбиеде өте 
қажет. Олардың бәрi тәрбие үдерiсiнің өзегiн құрайды. Атап 
айтсақ, бұл әдістер: жаттықтыру, талап, көндiру, тәрбиелiк 
жағдайлар (ситуациялар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет