Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет224/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Үлгi-өнеге
– өте әсерлi тәрбие әдісi. Бұл әдіс негiзiнде 
жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез әрi жеңiл 
бекидi, себебi оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын 
ауыстырып жетудің қажетi жоқ. Үлгi – бiрiншi, ал сөз – екiншi 
сигналдық жүйе деңгейiнде әсер етедi. Үлгi елiктеу үшiн нақты 
өрнек берiп, сана, сезiм, сенiмдi белсендiлік қалыптастырып, 
iс-әрекетке қозғау салады. “Уағыз жолы ұзақ, үлгi жолы қысқа” 
– деген байырғы Рим ғұламасы Сенека. Бала өмiрiндегi 
тұңғыш жанды өрнек – ата-ана, тәрбиешi, дос-жаран. Әдебиет, 
фильм кейiпкерлерi, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да 
үлкен тәрбиелiк ықпал жасайды. Үлгiнің психологиялық негiзi 

 елiктеушiлiк.
Осыған орай бала әлеуметтiк және инабаттық 
тәжiрибе жинақтайды. Кiшi мектеп жасындағы балалар өздерi 
аса ұнатқан адамдарға елiктейдi. Сондықтан, баланың адам-
гершiлiк дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелi ортаға ара-
ласуына басты назар аудару қажет.
Өмiр өнегесi ұдайы оңды болса, тiптi жақсы, бiрақ олай 
бола бермейдi, балаға әсер етушi керi өрнек аяқ астында. 


301
Оқушылар назарын өмiр, адам келеңсiздiктерiне аударып бару, 
болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды 
шығару – мiндеттi шарт. Мезетiмен орынды пайдаланған керi 
үлгi тәрбиеленушiнi жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем бе-
ретiнiн де ескерген жөн.
Тәрбие тәрбиешiнің жеке бала үлгiсiне, оның қылық-
әрекетiне, 
қамқорлығындағы 
балаларға 
қатынасына, 
дүниетанымына, iскерлiгi мен абыройына тәуелдi. Ұстаз 
үлгiсiнің оңды ықпалы оның сөзі мен iсiнің жарасымдылығына, 
балалардың бәрiне бiрдей ақ пейiлдi қатынасына тәуелдi арта 
түседi. Бұл тәрбиешiнің беделiне, ол бастаған iстің жүйелiлiгi 
мен бiрiздiлiгiне де байланысты.
Сонымен, сана қалыптастыру әдістерi тұлғаның iзгiле-
ну тәрбиесiнде маңызды рөл атқарады. Мұндай әдістер түрі: 
әдептiлiк әңгімелерi, түсiндiру, ұғындыру, әдептiлiк сұхбаттары, 
үгiттеу, сендiру, көрсетпе нұсқау, үлгi тәрбие әдістерiнің 
тиiмдiлiгi, олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған гу-
манистiк бағытқа тәуелдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет