Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет223/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Әдептiлiк сұхбаты
– екi тарап өкiлдерi – тәрбиешi және 
тәрбиеленушi қатысуымен болатын жүйелi де бiрiздi бiлiм-
дер талқысы. Сұхбаттың әңгімелеу мен көрсетпе беруден 
айырмашылығы – тәрбиешi өз сұхбаттасы – тәрбиеленушiнің 
пiкiрiн тыңдайды және онымен есептеседi, олармен болған өз 
қатынасын құқық теңдiгi және қызметтестiк принциптерi негiзiн-
де түзедi. Әдептiлiк сұхбаттарының негiзгi арқауы адамгер-
шiлiк, инабаттық-имандылық мәселелерi. Сұхбат мақсаты – iз-
гiлiк ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру, бұл бағыттағы бiлiм-
дердi қорытындылау және бекiту, адамилық көзқарастар мен 
сенiмдер жүйесiн қалыптастыру. 
Әдептiлiк сұхбаттары тәрбиеленушiлердi өздерiн толғантқан 
барша сұрақтар бойынша дұрыс баға шығарып, пiкiр жүргізуге 
жәрдем бередi. Болған жағдай, оқиғалар мен әрқандай 


299
қылықтарды талқыға сала отырып, балалар олардың мән-
мағынасын жеңiл түсiнуге мүмкіндiк алады. Көп жағдайларда 
әдептiлiк сұхбаттарды өткiзуге нақты дерек, оқиға, балалардың 
қылығы себеп болады. Мұндай сөйлесулердi болған 
оқиғалардың “iзiн суытпай” не сол оқиғаның кiнәкәрi сәл өзіне 
келiп, “жүрегi орнына” түсiп, мән-жайды аңғаратындай болған 
соң ұйымдастырған жөн.
Әдептiлiк сұхбаттарының тиiмдi болуы келесiдей маңызды 
шарттарға тәуелдi:
1. Сұхбаттың мәселелi сипатта болғаны өте маңызды. Осы-
дан көзқарастар, идеялар, пiкiр сайыстары өрбидi. Тәрбиешi 
тосын, қалыпқа келмейтiн сұрақтардың туындауына себепшi 
болып, өз шәкiрттерiн оларға жауап iздеп, табуға баулиды.
2. Сұхбаттың жаттанды дайын не үлкендердің құлаққа 
салған жауаптары бойынша өтуiне жол бермеңiз. Балаларды 
не ойлағанын ашық айтуға тартыңыз, басқалар пiкiрiн сыйлауға 
үйретіңiз, шыдаммен дәлелдi тұжырымдар топшылауға 
жетелеңiз.
3. Сұхбатыңыз тәрбиешi көпiре сөйлеп, тәрбиеленушiлер 
үндемей тыңдайтын дәрiсбаянға айналып кетпесiн. Сұхбат 
барысында ашық та анық айтылған пiкiр балаларды дұрыс 
қорытындыға келтiредi. Әңгіме-сұхбат нәтижелiлiгi екi адам 
ортасындағы көңіл табысудан, пейiл жылуынан шығады.
4. Сұхбат үшiн таңдалған материал тәрбиеленушiнің 
эмоционалдық кейiпiне сай болғаны жөн. Талқыланатын 
тақырып оқушыларға жете түсiнiмдi болмай, олардан сөз-жа-
рыс, пiкiр талас белсендiлiгiн күту не талап етуге болмайды. 
Шынайы тәжiрибеге негiзделген сұхбат қана өзiнің болымды 
нәтижесiн бередi.
5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, са-
лыстыра бiлу қажет. Ешкiмнің де пiкiрiн жоққа шығаруға бол-
майды – бұл әдiлдiк, шынайлылық, қатынас мәдениетiнің iз-
гiлiктi белгiлерi.
6. Әдептiлiк сұхбатына дұрыс басшылық мәнi – 
тәрбиеленушiлерге өз ынта, әрекетiмен дұрыс шешiм 
қабылдауға жәрдем беру. Бұл үшiн тәрбиешi болған оқиғаларға 
тәрбиеленушi тұрғысынан көз салып, оның ойы мен сезiмiн 
түсiнуге тырысуы қажет.


300
Сұхбат өзінен-өзi бола қалады деу – қате пiкiр. Жоғары 
маманданған педагогтар әдептiлiк сұхбаттарын не болса соны 
сылтау қылып, өткiзе салмайды, оған тыңғылықты дайындық 
жасайды, шәкiрттерiн де байыппен дайындайды. Бастауыш 
мектепте әдептiлiк сұхбаттары жалқылау (индуктив) жолымен 
жүргізіледi: нақты деректер талқыланады, баға берiледi, содан 
соң жалпы қорытынды жасалады.
Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен кәсiби шебер-
лiктi қажет етедi. Мұндай әңгімелесу кезiнде екi ортада 
психологиялық кедергi, түсiнiспестiк болмауы тиiс. Егер оқушы 
болған жағдайды дұрыс түсiнбейтiнi байқалса, оның намысы-
на тимей, кемшiлiк-қателiгiн бетiне баспай, әрекет-қылығының 
шалыс екенiн ұғындырып бағу қажет, көпшiлiк көзiнде бұл 
сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, әжуә-сықақсыз өткенi дұрыс.
өз тәрбиешiсiнің шынайы көңілiн, жәрдем пиғылын сезiнсе 
ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түредi, жазатайым болған 
келеңсiз iсiн ендi қайталамауға уәде бередi, қайтып ондай 
әркетке бармайды да, оқушымен жекелеп сұхбаттасу тәрбиешi 
мен тәрбиеленушi арасындағы кейiп түсiнiстігiмен өтсе, оның 
толық нәтижеге жеткенi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет