Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет231/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Жарыс бәсеке.
Байқаңыз. Көп бала топтала қалса, сол 
бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына 
аса тән құбылыс – бәсекелестiк. Төңірегiндегiлер арасында өз 
беделiн танытып, оны бекiту – әр адамның тума қажетi. Ал бұл 
қажеттiлiктi iске асыру басқалармен жарысуды керек қылады. 
Жарыс нәтижесi баланың ұжымдағы беделiн ұзақ уақытқа 
айқындап, бекiтедi.
Жарыс әдісiмен баланың бәсекелiстiкке деген табиғи 
қажеттiгiн жеке тұлғаға және жалпы қоғамға сай қасиеттердi 
баулитын тәрбие арнасына бұруға болады. Өзара жарыса 
жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тәжiрибелерiн тез игерiп, 
тән-дене, адамгершiлiк, эстетикалық сапаларын дамытады. 
Жарыс әсiресе үлгерiмi төмен оқушылар үшiн аса қажет: өз 
нәтижелерiн жолдастарының жетiстiктерiмен салыстыра оты-
рып, өз бiлiмдерi мен ептiлiктерiн көтеруге болған қозғау күш 
алады, оқуы мен өзiндiк тәрбиесiне ден қоя бастайды. Жарыс 
ұйымдастыру – оңай iс емес: балалар психологиясын жете тану 
қажет, бiртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану әрi 
орындау керек. Жарыс тиiмдiлiгi оның ұйымдастырылуында. 


309
Бұл үшiн жарыстың мақсаттары мен мiндеттерi айқындалады, 
бағдарлама түзеледi, баға өлшемдерi белгiленедi, жарыс-
тыру шарт-жағдайлары жасалады, қорытынды шығарылып, 
жеңiмпаздар анықталады. Жарыс өзіне сай қиыншылықтармен, 
қызықты өткiзiлуi тиiс. Сонымен бiрге жарыс ережелерi соңғы 
нәтижелердi бағалап, салыстыруға келетiндей нақты болғаны 
жөн. Қорытындылау мен жеңiмпаздарды анықтау жариялы бо-
лып, бағалау өлшемдерi қарапайым, баршаға түсiнiмдi болғаны 
дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиiс. Бүгiнгi 
таңда мектеп тәжiрибесiнде сынып, мектептің озық оқушысы, 
пән бiлгiрi атақтарын алу жарыстары өткiзiлуде.
Гуманистiк педагогика 
жазалауды да
жоққа шығармайды, 
бiрақ оның шегiн, сипатын, орындалу жолдарын өзгертудi та-
лап етедi.
Жазалау - келеңсiз қылықтарды шектеп, тежеу үшiн, 
басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезiмiн 
ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал әдісi. 
Басқа тәрбие әдістер секiлдi жазалау да қылық-әрекеттердің 
сырттай себептерiнің тұлғалық iшкi ықылас-ниеттерге ауы-
суына негiзделген. Мектеп тәжiрибесiнде жазалаудың келесi-
дей түрлері қолданылуда; 1) қосымша мiндеттер тапсыру; 
2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгiс, не 
айып тағу. Тәрбие барысында жазалаудың келесi формалары 
қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгiс жариялау, алдын ала 
сақтандыру, айыпқа сай талап қою.
Жазалау 
әдісiнің 
тиiмдiлiгiн 
анықтаушы 
шарттар 
төмендегiдей:
1. Оқушы “пiр” тұтқан абыройлы адам тарапынан болған 
жаза әсерлi келедi. Келеңсiз қылығы тек тәрбиешi емес, дос, 
жолдастарының да жақтырмауына, ескертуiне ұшыраса, айып 
сезiмi күштiлеу болады. Сондықтан тәрбиешi ұжымдық пiкiрге 
көбiрек жүгiнгенi жөн:
2. Бүкiл сыныпқа жаза қолдануға болмайды.
3. Жаза шешiмi қабылданса, ол орындалуы шарт.
4. Жаза тиiмдiлiгi оның оқушыға түсiнiмдi болып, оны әдiл 
деп қабылдауынан. Өтелген жаза қайтып еске алынбайды, 
оқушымен қалыпты қатынас жалғасын табады.


310
5. Жазала, бiрақ оқушының намысына тиюшi болма. 
Тәрбиешi жазаны өз жек көргендiгiнен емес, педагогикалық 
қажеттiктен қолданады. “Келеңсiз қылық – жаза” формуласы 
мүлтiксiз орындалуы шарт.
6. Жазалау мәселесiн шешерде негiзiнен келеңсiз 
қылықтарды, болымсыз мiнез бiтiстерi мен әдістердi шек-
теу, тежеуге бағытталған тәрбие әрекеттерi тiзбегiн бiртiндеп 
қолданып, басты, мәнi нақты, ұнамды сапаларды орнықтыруға 
қаратылған iс-әрекеттерге өту қажет.
7. Жазалау әдісiн қолдануға негiз – дау-дамайлы жағдай 
(ситуация). Бiрақ көрiнген орынсыз қылық пен ережеден ауытқу 
жанжал туындатпайды, сондықтан, парықсыз жаза қолдана бе-
руге болмайды. Жазалау мәселесiнде жалпы, барша жағдайға 
бірдей жаза тағайындау мүмкін емес, әрқандай тәртiп бұзу 
өзiнің дара сипатына ие: оны iстеген кiм, қандай жағдайда бо-
лады, себептерi не – осы жәйiттердi ескерумен жаза жеңiл не 
өте қатал болуы ықтимал.
8. Жазалау – өте ауыр да әсерлi әдіс. Жаза таңдаудағы пе-
дагог қателiгiн түзету өте қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай 
жөнiнде толық та анық түсiнiм болмағанша, асығыстықпен 
жаза қолдануға болмайды. Керi жағдайда жаза өз әдiлдiгi мен 
пайдасын жоғалтады.
9. Педагогикалық үдерiстегi жаза – кек алу құралы емес. Ба-
лада жазаның оның өз пайдасы үшiн қолданылып жатқанына 
сенiм тудырыңыз. Әрқандай жаза әр баланың жеке ерекшелiк-
терiне орай қолданылғаны дұрыс.
10. Жазаның жеке балаға, оны даралығына сай қолдануы 
- әдiлдiктен ауытқу емес. Бұл өте маңызды мәселе. Егер пе-
дагог оқушының жеке тұлғалық ерекшелiктерiне мән бере-
тiн болса, жаза да, мадақтау да жiкке келедi, ал, егер ол тек 
келеңсiз қылықтың өзіне мән берiп, қай тәрбиеленушi тара-
пынан болғанына назар аудармаса, жаза түрлері жiктелiнбей 
қолданылып, тұлғалық бағыт заңдылығына қайшы келедi. 
Мұғалiм өз педагогикалық көзқарасын балаларға түсiндiруi 
шарт, сонда ғана шәкiрттер жаза әдiлдiгiн мойындайды.
11. Әрқандай жаңа педагогикалық әдептiлiктi, жас кезеңдерi 
психологиясын, сонымен бiрге тек жазамен iстi оңғаруға 
болмайтынын түсiнген жөн. Осыдан да жаза басқа тәрбие 
әдістерiмен бiрлiктi қолданылады.


311


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет