Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет229/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Ынталандыру әдістерi
Тәрбиеленушiнi белгiлi iс-әрекеттi орындауға талаптанды-
ру ниетiмен қолданылатын әдістер тобында ынталандырудың 
орыны өз алдына. Бұл әдістің ежелден-ақ 
мадақтау
мен 
жазалау
түрі белгiлi. ХХ ғасыр педагогикасы және бiр өте 
әсерлi ынталандыру әдісi – 
жарыстыру, бәсекелестіру
әдісiн алға тартып отыр. Кейiнгi он жылдықта дәстүрлi ықпал 
әдістерiне қосымша 
субъектив-прагматикалық
әдістің 
тиiмдiлiгi жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен тұрмыс 
нақтылағандай, бүгiнгi жастардың ерекшелiгi – өмiрге болған 
прагматикалық (пайда табу) қатынасы. Осыдан қазiргi за-
ман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тәрбие маған не бе-
редi, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай 
және қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын бол-
ды. Осы секiлдi пайда табу – прагматикалық бағытты ескере 
отырып, кей шет ел педагогикалық жүйелерi тәрбие үдерісін 
тәрбиешi мен тәрбиеленушi арасындағы нарықтық қатынас 
сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегi – пайда. Әдiс 
әлi қалыптасып, ресми қабылданған емес, бiрақ тұрмыста 
тәрбиешi мен тәрбиеленушiлер араларында түзiлетiн келiсiм-
шарттар жүйесiмен бiртiндеп тұрақтануда.


307
Мадақтау
– тәрбиеленушiлер әрекетiне ұнамды баға 
беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезiмiн 
көтеруге негiзделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне 
деген сенiм орнықтырып, жұмысқа болған жағымды көңіл 
қатынасын оятады, жауапкершiлiк арттырады. Мадақтау 
түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тәрбие үдерiсiнде 
жиi қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, 
құрметтi құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру 
ж.т.б.
Қолдау
– мадақтаудың ең қарапайым түрі. Мұғалiм өз 
қолдауын ишарамен, iс-әрекетiне, қылыққа жоғары баға беру-
мен, тапсырма беру арқылы сенiм арту, мұғалiмдер мен ата-
аналар алдында қуаттау арқылы бiлдiруiне болады. Мұның 
бәрi тәрбиешiнің өз шәкiртiнің табыстары мен кемшiлiктерi-
не болған зерделi, зейiндi қатынасын, олармен бiрге қайғы, 
қуаныштарын бөлiсуден туындайтын адамилық қасиеттер. 
Құрмет пен сенiмге жеткен бала өз күш-қуаты мен қара басының 
қадiрiн ардақтай бiледi.
Бiршама жоғары деңгейдегi мадақ – бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет