308
2. Мадақтау арқылы тәрбиеленушiнi басқа балаларға қарсы
қойып алмауды да ойластырған жөн. Сондықтан тек табысқа
жеткен оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен
еңбектенген, өз iсiне адалдық танытатындардың бәрiне де
жылы лебiз, мадақ сөзді аянбаған жөн.
3. Мадақ қолдана отырып, кiм, не үшiн, қаншалықты
сыйға тұрарлық екенiн сараптауды ұмытпаңыз. Әсiре мадақ
астамшылдыққа апарады.
4. Әрқандай мадақ жеке тұлғалық ерекшелiктердi еске-
румен берiледi. Өзіне сенiмi жоқ, үлгерiмi төмен оқушыны
қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педа-
гог сол арқылы балада сенiм оятады, ұмтылыс пен дербестiк,
кедергiлерден сескенбеу қасиетiн баулиды. Өзіне тәрбиешi,
төңірегiндегi адамдар сенiмiн артқан бала, өз кемшiлiктерiн де
“жүгендеп”, оңды жолға түсе бастайды.
5. Бүгiнгi мектеп тәрбиесiндегi басты мiндеттерден жазбау.
Мадақтау мәселесiн шешуде өз шәкiрттеріңiзбен пiкiр алысуды
да жадтан шығармаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: