Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет233/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

мо-
ниторинг
жүргізу;
– техникалық құралдармен жинақталған сандық және 
сапалық көрсеткiштер нәтижесi негiзiнде тәрбиеленушiнің 
жеке-дара даму бағытын анықтап, тұлғаның қажеттi қасиет-са-
паларын алдын ала жоспарланған арнада тәрбиелеудің “жоба-
сын” түзу;
– ұдайы өткiзiлiп тұратын ойын, жарыс, «ХХІ ғасыр 
көшбасшысы» бәсекесіне байланысты әрбiр оқушының 
тәрбиелiк, әлеуметтiк кемел, азаматтық дәрежесiн анықтау 
үшiн ұйымдастырылатын тест-байқаулар;
– тәртiп бұзушыларды жазалау мақсатында қолданылатын 
айыппұл төлету, құқықтары мен еркiндiгiнен айыру, әлеуметтiк-
қоғамдық басымдықтарын (привилегии) алып тастау ж.т.б. 
секiлдi шараларды пайдалану.
Бұл әдіс, әзiрше елiмiз мектептерiнде кең өрiс ала ал-
май отыр. Дегенмен, тұрмысымызға қарқындай енiп жатқан 
әлеуметтiк және экономикалық өзгерiстер уақыт оздырмай, 
тәрбие үдерiсiнің маңызды шарттарының бiрi ретiнде субъек-
тив-прагматикалық әдістің алғы шепке шығуы – заңды күтiлетiн 
құбылыс.
Қорытындылай келе, айтарымыз – ынталандыру әдістерiнсiз 
тәрбие үдерісінің қалыпты дамуы мүмкін емес. Осыдан, бүгiнгi 
таңда бастауыш мектеп тәжiрибесiнде мадақтау, жазалау, жа-
рыстыру, бәсекелестіру, субъектив - прагматикалық әдістер 
кең қолданымда. 
Тәрбие формалары
Оқу қызметі секiлдi тәрбие үдерісi де белгiлi формада 
ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп тәрбиесі сабақтағы оқу 
үдерісімен байланысты жүргізіледi. Дегенмен, сабақтан, сынып-


313
тан тыс ерекше жұмыс формалары да қолданылады – олар пе-
дагогикада тәрбиелiк iстер деп қабылданған. 
Тәрбиелiк iстер
– тәрбиеленушiлердің нақты iс-әрекеттерiн ұйымдастыру және 
оларды жүзеге келтiру формасы. Тәрбиелiк iстер – жарқын 
еңбек пен ойынға, шығармашылық пен жолдастық қатынасқа, 
өмiрлiк арман мен қуанышқа толы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет