Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Әлеуметтiк бағдарлы тәрбиелiк iстер



Pdf көрінісі
бет235/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Әлеуметтiк бағдарлы тәрбиелiк iстер.
Бұлардың 
басты мақсаты – оқушыларда әлеуметтiк қарым-қатынастар 
(қоғаммен, заңмен, мемлекеттiк, үкiмет, құқық қорғау меке-
мелерiмен ж.т.б.) жүйесiн қалыптастыру. Мұндай тәрбиелiк 
iстерде баулынатын өзектi сала – 
тәртiптiлiк.
Кiшi сы-
нып оқушыларына да түсiнiктi тәртiп, яғни саналы танылған 
қажеттiлiк арқылы әлеуметтiк қатынастар бiртiндеп әрi 
байқаусыз игерiле бастайды. Тәртiптiлiк әрекет-қылықта көрiнiс 
тауып, қоғамдық талаптар мен мiнез-құлық ерекшелiктерiнің 
саналы орындалуынан белгi бередi. Тәртiп ұдайы ойланып 


315
әрекеттенуден болмайды, бұл адамда қалыптасып, орныққан 
ойлау және әрекеттену қалыптарына сәйкес әдеттену сал-
дарынан туындайды. Тәртiптi болуына орай бала әрқилы 
жағдайларда дұрыс бағыт алып, көздегенiне қол жеткiзедi. 
«Тәртіпке бағыну – бұл құлдық емес»
деп батыр бабамыз 
Б. Момышұлы
бекер айтпаған.
Тәртiптiлiк жолдасы – ұстамдылық, берiктiк, табандылық, 
байсалдылық. Еркiндiк бастауы да – тәртiптiлiк тiрегi. Бұл 
қатынас сапасымен бiрге жүретін басқа да адамгершiлiк 
әдеттерiн естен шығармаған жөн. Олар – кiшiпейiлдiлiк, 
сыпайлылық, елгезектiк, зейiндiлiк, iштей жинақылық пен 
ұқыптылық. Адам сырттай жинақы да қунақ әрекеттi көрiнуi 
мүмкін, бiрақ айналысып жатқан iсiне iштей наным болмаса, 
нәтиже шықпайды. Тәртiптiлiк тәрбиесi ең алдымен қоғамның 
моральдық принциптерiне сәйкестендiрiледi, ал екiншi жағынан 
– мектеп жұмысы өзгешелiктермен үйлестiкке келтiрiледi. Осы-
дан, мектептегi “оқушылар ережесi”, “iшкi тәртiп ережелерi” 
оқушыларды тазалық сақтауға, ұқыпты киiнуге, салмақты, 
байсалды, өзара және үлкендермен сыйластықты болуға, өз 
қызметiнде адалдық танытуға мiндеттейдi.
Оқушылардың өмiрi мен iс-әрекеттерi мектептің ресми 
басшылығы тарапынан қабылданып бекiген күн тәртiбiмен 
реттелiп, басқарылады. 
Күн тәртiбi
– бұл үздiксiз орындалып 
жататын тәрбиелiк iстер. Оның талаптарын орындау – тәрбие 
тиiмдiлiгiнің кiлтi. Күн тәртiбi тұлғаның тұрақты әдеттерiн 
тез қалыптастыруға көп жәрдемiн тигiзедi: балалар дұрыс 
еңбектенiп, уақытында дем алуға дағдыланады, өз мүмкіндiгi 
жетер жұмыс көлемiн анықтауды үйренедi, гигиеналық талап-
тарды игередi. Күн тәртiбiн сақтау ағзаның физиологиялық 
қызметтерiне оң ықпал жасап қана қоймастан, адамның 
тәртiптiлiк жолына түсуiнде де аса маңызды: белгiлi мiнез 
қылықтарына әдеттендiредi, тәртiп талаптарын орындау еп-
тiлiктерi мен дағдыларын тұрақтандыруға көмектеседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет