Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет232/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Субъектив-прагматикалық әдіс 
негiзi – тәрбиесiздiк пен 
бiлiмсiздiктің, тәртiп пен қоғамдық талаптарды өрескел бұзудың 
пайдасыз екенiн түсiнуде. Қоғамдық және экономикалық 
қатынастар баланы ерте жастан қатаң бәсеке-тайталасқа 
қосып, өмiрге тыңғылықты дайындық көруге мәжбүрлейдi. 
Осыдан да нарықтық экономикаға ертерек көшiп, дамыған ел-
дердегi мектептiк бiлiм мен тәрбие қарапайым тұрмыс-тiршiлiк 
қажетiне (утилитарное) бағытталып, басты мақсат – шәкiрттердi 
оқу орнын бiтiрген соң жұмыс табу, тiршiлiк қамын жасауға 
тәрбиелейдi. Бiздің өткен кеңестiк дәуiрдегi тәрбиемiз, керiсiн-
ше, оқушыға бәрiн бiлдiрдi, бiрақ субъектив – прагматикалық 
тәрбиенi буржуазиялық деп жоққа шығарғандықтан, мектеп 
түлегi бiлгенiн тұрмыста қолдана алмай, жеке де, қоғамдық та 
пайдаға жарамай қалды.
Педагогтар қоғамдық-экономикалық тарығуларды тәрбие 
мақсатында қолданады. Алдымен олар жоғары сапалы 
мектеп тәрбиесiнің әр адамның нарықтық әлемiндегi орны 
және жағдайымен байланысты болатынын баса түсiндiредi, 
тәрбиесi төмен, бiлiмi кем адамдардың болашақта бе-
делдi қызметтен, жоғары жалақыдан жұта болатынын, 
жұмыссыздар қатарында қалуы
мүмкін екендiгiн нақты мы-
салдармен көрсетедi. Осыған байланысты тәрбие қатаң жеке 
тұлғалық бағытта жүргізіледi, себебi әр тәрбиеленушi мектеп 
бiтiруде ұнамды пiкiр, бағамен еленiп, жұмысқа орналасу мен 
оқуға түсу үшiн негiз қалайды. Бұлай болмағанда, жұмыс орын-
дары мен мекеме басшылары оны қызметке алмайды. Егер 
педагог академиялық табыс, яғни педагогикалық үдерістегi 
жетiстiк әр оқушының қабiлетiне байланысты болатынын әрi 
ол табысты қолға түсiру бала даралығына орай екенiн жете 
түсiнсе, оның қолынан болымсыз түлек шықпайтынына кәмiл 
сенуге болады.
Субъектив-прагматикалық әдістің нақты iске асыру жолда-
ры төмендегiдей:
– тараптар мiндеттерi анық көрсетiлiп, тәрбиешi мен 
тәрбиеленушi арасында жасалған келiсiм-шарт (контракт);
– тәрбиешiлер және ата-аналар ортасында келiсiммен 
түзiлген жеке өзiндiк жетiлу бағдарламасы (өзiндiк тәрбие 
мазмұны);


312
– жеке қызығушылықты арттыру үшiн оқушылар қалаулары 
бойынша түзiлген төлемдi оқу-тәрбие топтары;
– құқық бұзуға бейiмдi балалармен тәрбие – сақтандыру 
жұмыстарын алып баруға арналған “тәрбиешiлiк топтары”;
– ең соңғы техникалық құралдар және электронды – есеп-
теу машиналары жәрдемiмен тәрбиеленушiлердің мiнез-
құлығын, әлеуметтiк дамуын үздiксiз бақылауға алу, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет