Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет237/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

адамгершiлiктi мi-
нез-құлық
қалыптастыру. Тәрбиелiк iстер күнделiктi өмiр 
жағдайларындағы адамилық қылықтар тiзбегiнен құралады. 
Адамға қозғау салып, оның қылықтарын анықтап, оларға дем 
берушi ынталандыру сеп-түрткілерi де маңызды келедi.
Ұнамды қылықтың ниеттi туындауы үшiн, оқушыда 
оларға деген 
қажеттiк қалыптар 
болуы шарт. Ал мұндай 
қажеттiктер моральдық қалып талаптары мен принциптердi 
игерiп, олардың жеке саналық жүйеге өтуiнен пайда болады. 
Адамгершiлiк қажеттер жәрдемiмен еркiн таңдау мүмкіндiгi, 
яғни адамилық басты мораль негiзi түзiледi. Еркiндiк адам-
гершiлiкке сай таңдау қабiлетiнің қатысуы да әдептiлiк тәрбие 
iстерiнің қызметiмен атқарылады.
Жүйеленген қылықтар бiрлiгi адамгершiлiктi 
әдеттер, 
яғни адамгершiлiктiк танытуға бейiм тұрақты қажеттiктер 
қалыптастырады. Әдеттер бiрлiктi тiршiлiк қамын жасау, мiнез-
құлық мәдениетiне, тәртiптiлiкке бағытталса – қарапайым, ал 
қоғамдық және жеке тұлғалық маңызға не еңбек қажеттiгi мен 
оған дайындық көруге бағыттаса – күрделi сипат алады. 
Соңғы жылдардағы озат педагогикалық тәжiрибе әдептiлiк 
тәрбие iстерiн ұйымдастыру мен iске асыруда ескерiлуi қажет 
құнды ұсыныстар берiп отыр.
1. Адамгершiлiк тәрбие үдерісін “науқандық күреске” айнал-
дырып жiберуге болмайды. Тәрбие “күрес” емес, ол күнделiктi 


318
тұрмыстық iстерден құралатын ұзаққа созылған көп еңбектердi 
талап ететiн жоспарлы жұмыс.
2. Өмiрлiк – мәндi қажеттiлiк болмаған жерде тұлғаның 
адамгершiлiк сапалары қалыптаспайды. Сондықтан адамгер-
шiлiк пiкiр, көзқарастар тайталасын туындатып отыру маңызды 
шарт. Тәрбиеленушiлердi әдептiлiк шарттарын бұзудың үлкен 
қате, ұят iс екенiн сезiнуге үйретіңiз.
3. Жақсылық ниетпен жасалатын iстерге, моральды iзгi 
мұратқа ұмтылыс әрекеттерiнің көп болғаны – адамгершiлiк 
сапа тәрбиесiнің алтын ережелерi.
4. Адамгершiлiктi әдеттер қалыптастыруға бағытталған 
әдептiлiк тәрбиесiн жоспарлай отырып, бiрнеше әдеттi қатар 
тәрбиелеуден аулақ болыңыз, себебi бұл көп күш-қуат пен 
өзiндiк бақылауды талап етедi; саналы сарапталған әрекеттердi 
орынды қайталап бару қажет, алғашқыда – жиi, кейiн – ба-
ланы жалықтырып алмас үшiн – сирек; қайталаулар бала 
даралығына сай болғаны жөн; бiр адам үшiн оның саны аз, 
ал екiншi бiреуге көп қайталау қажет болуы мүмкін, мұндайда 
өткен тәжiрибенi де ескеру керек; ал жаман әдеттерден арылу 
ұзақ та қиын. Бұл жағдайда келеңсiз әдеттер себебiн анықтап, 
оған қарсы шараларды ойластыру, екiншi жағынан – жа-
ман әдеттер орнын ұнамды қасиеттермен толықтыру қажет 
(мысалы, тұрпайлылықты – сыпайылықпен, жалған сөздіктi 
– шынайылықпен ж.т.б.). Бұл ретте бала келеңсiз әдеттердің 
қаншалықты зиян, жақсы әдеттердің - пайдалы болатынын 
түсiнуi тиiс.
5. Жоғары адамгершiлікті сапалар негiзi – жай, қарапайым 
әдет, 
әрекеттер. 
Гуманизм, 
адамдармен 
сыйластық, 
қайырымдылық, мәдениеттi мiнез-құлық дағдыларын – кiшi-
пейiлдiлiк, қарым-қатынасқа түсу, байыптылық, т.с.с. – 
тәрбиелеп алмай, мүмкін емес.
6. Ұжымшылдық, азаматтық, саналы тәртiптiлiк және басқа 
да көптеген адамгершiлiк сапаларын тәрбиелеу үшiн бала 
санасына нақты әдеттердің - басқаларға қамқорлық, өзгелер 
көңілiн жұбата бiлу, өз менмендiк шарпуларына тиым сала 
бiлу, адамдар алдындағы борышты орындау, өз сөзі мен iсiне 
жауапкершiлiктi болу ж.т.б. – мықтап орнығуына жағдай жасау 
қажет.


319
7. Жаман әдеттер де моральдық сапалар тұрғысынан 
бағаланады: айқайлап сөйлеу, басқаны тыңдамау, сөзін 
қақпайлау, тырнақ тiстелеу, орынсыз қол сiлтей беру және т.б. 
Нақты мысалдармен тәрбиешi балаларға олардың болашақ 
өмiрi мен қызметте iлгерiлеуi бiр көзге жай, еленбейтiн қылықтар 
себебiнен iске аспай қалуы мүмкін екендiгiн түсiндiргенi жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет