Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет245/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

технологиясы
. Бұл 
тәрбие технологиясының басты ерекшелiктерi келесiдей.
Тұлғалық бағыттағы тәрбие өзегi – 
еркiндiк.
Балалар 
қандай да талаптарды орындауға мәжбүрленбейдi. Мұның 
орнына әртүрлі жолдар мен жағдайлар түзiлiп, баланың өзi 
алға тартылған талап мәнiн түсiнiп, оны өз пайдасына қажет 
екенiн аңдап, қабылдап, орындауды қалайды әрi нәтижеге 
жетедi. Тәрбиеленушi еркiндiгiне негiзделген тәрбиенi iске 
асырудың көптеген тиiмдi әдістерi қалыптасқан, бұл бағыттағы 
педагогикалық тәжiрибе үздiксiз жаңа жетiстiктердi қолға кiргi-
зуде.
Баланың даму заңдылықтарына арналған ғылыми зерттеу-
лер дәлелдегендей, мақсатты бағытталған тәрбие үдерiсiнде 
мәдениет қазынасынан саналы сусындаған жас ұрпақ өкiлi 
ғана толыққанды тұлға кемелiне жетедi. Бұл үдерiсте тәрбиешi 
мен тәрбиеленушi арасында 
үйлесiмдi ықпалды қатынас
орнауы қажет, себебi мәдениет және жас ұрпақ арасын 


330
жалғасытырушы дәнекер қызметiн ересек атқарады. Тәрбиелiк 
ықпалдың жоғары нәтижелi болуы үшiн педагог баланы өз 
шәкiртi, пiкiрлесi ретiнде қабылдауы қажет, сонда ғана бала өз 
қолы және қалауымен өзiн-өзi жасауда көмекшiге айналады.
Бала бойында мiндеттi қанағаттандырылуы тиiс әрқилы 
ұмтылыстарды қамтыған оның даралығы мен қайталанбастығы 
мойындалады, олай болмаған күнде даму шектеледi. Баланың 
көптеген сапалары астар санада (педсознательное) орнығады. 
Ал олардың ашық сана деңгейiне көтерiлуi үшiн әлеуметтiк 
аймақ түзу қажет. Бұл жағдайдағы педагог ендi тек мұғалiм 
емес, ол – дәнекер, шәкiрттерiнің көмекшiсi. 
Педагогтың мiндетi даму ағымына араласып, оны өзгерту 
емес, сол үдеріске 
икемдесу
. Сонда ол қажеттi деңгейде бала 
еркiндiгiн қамтамасыз етедi. Тәрбиешi баланың өзiндiк да-
муына жағдай жасайды, оның ұстаздық шеберлiгi де осында. 
Бұлай болғанда тәрбие өзбетiнше кетпей ме? Педагогикалық 
ықпалдарды босаңсыту бала дамуы iлгерiлi, ұнамды сипат-
та болса ғана, орынды. Керi жағдайларда педагогикалық 
билiк әбден қажет. Ересек үдерiстің табиғи ағымына арала-
сады, оны дұрыс ұйымдастырады, сонымен тәрбие желiсiн 
шапшаңдатады. Педагогикалық басшылық даналығы – қай 
мезетте араласу қажеттiгiн бiлу, қай кезеңде дамуға дем беру 
керектiгiн сезу. Ал, егер бала қиналып, қойылған мәселелерді 
өз күшiмен шеше алмайтын болса, тәрбиеге тiкелей араласып, 
қозғау салумен дер мезгiлiнде табысқа тезiрек әрi жеңiл жету-
де оқушыға жәрдем беру қажет.
Тұлғалық бағытталған тәрбие ғана 
дамытушы
мақсатты 
iске асыра алады, себебi осы тәрбие арқасында тәрбиеленушi 
өзiн тұлға ретiнде таниды, өзiнің барша мүмкіндiктерiн ер-
кiн де жауапкерлiкпен жарыққа шығаруына мүмкіндiк алады. 
Ал мұндай нәтиже ересектер тарапынан балаға, оның қадiр 
тұтқан пiкiрлерi мен көзқарастарына сый-құрмет болған жерде 
ғана мүмкін.
Мектептерiмiзде дәстүрлi қалыптасқан қатерлi дерт – 
мұғалiмдерiмiз, қай сыныпты басқармасын, өз оқушыларын 
қажеттi дәрежеде құрметтеп бiлмейдi. Мүмкін, бұл бiздің жыл-
дар бойы қалыптасып, орныққан менталитетiмiзден шығар. 
Санамызға үйреншiктi сіңген. Дегенмен бағыт түбегейлi өзгеруi 


331
мiндеттi. Сонда ғана бала өзiн шындап қабылдайды әрi та-
нитын болады. Өйтпеген күнде бастауыш мектепте селқос 
қатынасқа етi үйренген оқушы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет