Бала көңілiн түсiну Бастауыш мектеп мұғалiмдерiнің кең тәжiрибесiне гума-
нистiк педагогика идеялары нелiктен баяу енуде? Мұның бас-
ты екi себебi бар: 1) гуманистiк педагогика
талаптарының жартымсыз iске асырылуы және 2) әмiршiл педагоги-
ка
елiктемелерi. Тұлғалық бағыттағы тәрбие талаптары
мiндеттi орындалуы қажет немесе одан толықтай бас тар-
ту керек. Шамаланған, жартылай гуманизм, мөлшерленген
қайырымдылық пен мейiр болмайды. Бұл арада балалық
максимализм принципi: бәрi менiкi немесе түк те керегi жоқ
– үстемдiк етедi. Алғашқыда идея жетегiне ерiп, бiрдемеге кiрi-
семiз, бiрақ көп ұзамай қанат – энтузиазм талып, баяғы манды-
мас күйбеңiмiзге қайта ораламыз. Ойымызға тiптi де келмеген
гумансыздыққа (имансыздыққа!) дес беремiз: баланы алдап
ертiп, кейiн жол-жөнекей тастай салдық. Сәби көңілi ендi ғана
сенiп, гүл жара бастағанда, тәрбиешi шабыты құрдым кеттi.
Бала үшiн бұдан артық жамандық бола ма?
“Бала көңілiн түсiну - әлi қиыншылықтан құтылу емес.
Бала жанына араша боламын дей тұра, тәрбиешi талай
мәрте өзiндегi қайырымдылықты тежеуге мәжбүр болады:
бұғаусыз бала қылықтарын оның жанына қас тәртiп тезiне са-
лып тұсаулауына тура келедi. Осыдан, тәрбиешiнің жоғары
бiлiктiлiгi, тәжiрибесi, қалыпты көңілi ауыр күйзелiстерге
кезiгедi” – деп жазған едi Я.Корчак. Тәрбиешiге оңай емес.
Әмiршiл педагогика бағытында талай жыл iстеп, оған ете-
не икемдескен тәрбиешiнің жаңа, соны жолға түсуi әбден
қиыншылықты. Шұбасыз да бейсана балаға деген құрмет
ұзақты қалыптасады. Мұндай қасиетке болашақ тәрбиешiнi
белсендiлiкпен баулу студенттiк шақтан басталады. Осыдан
да гуманистiк педагогиканың барша талаптарының iске асуы
ендi қалыптасып жатқан тәрбиешiлер әулетiнің мойнындағы
334
жүк екенiн сезiнiп, осы бағытта дұрыс ғылыми-теориялық және
тәжірибелік iс жүргізуiмiз қажет.
Көбiне тәрбиешiлер өздерiнің