Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет247/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

“Сүйікті мектеп
технологиясы белгiлi. Мұндай мек-
теп иегерлерi – балалар. Олардың тәрбиешiлерi - қалаған 


332
мәселелердi бiрге шешуге дайын ересек достары. Тәрбиешiлер 
өз шәкiрттерiмен бiрге ойын-сауық құрушы ғана емес, сол ойын-
дарды бiтпес қызыққа айналдыратын да, осы балаларға дос-
жаран да – тәрбиешiлер. Қайталап айтарымыз, бала орында-
луы қажет iстердi, орынды қылықтарды атқаруға пейiлдi болуы 
– басты шарт. “Iсте”, “Орында!” секiлдi бұйрық талаптардан 
гөрi, педагог баланың өз қалауын оятатын жөн – жосақтарды 
iздестiргенi жөн. Ал мұның әдістерi көп-ақ. Мектеп жасына 
дейiнгi балалар мiнез-құлығын зерттеген ғалымдар пiкiрiнше, 
балалардың көпшiлiгi моральдық талаптарды (не жаман, не 
жақсы) өте жақсы бiледi де, алайда оларды саналы бұзуға дайын 
тұрады. Мұндай жағдаймен кезiккен мұғалiм не iстеуi қажет? 
Уағыз айтады, жазалайды, ал дағдыларды қайталап, бекiтуге 
шорқақ келедi. Бұл орайда тәрбиешiнің ұдайы естен шығарып, 
ескере бермейтiнi: бала қаншалықты саналы да тiл алғыш 
болғанымен өзi үшiн мәнi болмаған iстi орындауға құлық бiлдi-
ре бермейдi. Ақылы жетедi, бiрақ қажетсiнбейдi. Сондықтан да 
балаларда қандай да қылық әрекеттерің моральдық тұғырын 
қалау қажет. Бұл мәселенің де талай орындалу жолдары мен 
тәсiлдерi баршылық. 
Бiр ғұлама мұғалiмдердің көбi қолданып жүрген, үйреншiктi, 
бiрақ әсерлi әдістi қолданыпты. Ол балалардан өзіне жәрдемшi 
болуларын өтiнiп, басқа балаларға мiнез-құлық ережелерiн 
үйретiп, сол ережелердің орындалуына бақылау салуды тап-
сырыпты. Байқағанымыздай, мәселе шешiмi тiкелей үйретiп, 
көндiруден ерiктi 
“ереже ұсынушы және оны қорғаушы”
ойынына ауысты. Бұл жердегi және бiр ескерiлген жәйт – 
балалардың бiр-бiрiне болған тiкелей ықпалы көп жағдайда 
ересектер ықпалынан анағұрлым тиiмдiрек. “Бала-балаға” 
– өте нәтижелi әдістеме, бiрақ мұның бiр маңызды шарты бар, 
ол – тәрбиелеп жатқан 
Адам
өз “оқушысына” өткiзейiн деген 
ережелерiн алдымен өзi түсiнiп, қабылдауы қажет.
Сонымен тұлғалық бағыттағы тәрбие – гуманистiк 
педагогиканың нақты технологиясы. Оның мәнi – бала ең 
асыл құндылық, тәрбие өзегi. Бала өз даралығымен танымал. 
Нақты тұлғаға бағытталған тәрбие гуманистiк педагогиканың 
белгiлi принциптерiне негiзделедi. Олар – тұлғаның өзiндiк 
құндылығы, оны құрметтей бiлу, тәрбиенің табиғи сәйкестiлiгi. 


333
Педагог тәрбие ағымына ықпалды араласпай, баланың даму 
жағдайларына икемдесуi қажет. Балаларды қандай да көзсiз 
орындауға мәжбүрлемей, сол талаптың өз үшiн пайдалы екенiн 
бала өз бетiнше түсiнiп, қабылдауына, оны өз қалауымен орын-
дауына жағдайлар жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет