Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет246/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

жауапкерлiкпен есею
үшiн күш 
салудан жұта болып, кемелдену қабiлетiнен айырылады.
Есіңiзге түсiріңiзшi, қай мұғалiм өзiнің бiрiншi сыныптағы 
шәкiртiне “сiз” деген сөзді қолданып, хабарласыпты. Ал, сай-
ып келгенде, бала төбесiнде тұрмай, онымен қатар арала-
сып, оның сенiмiне кiру үшiн жолдастық, достық қатынасты 
қалыптастыруымыз қажет. Солай болғанда ғана бала пейiліңiздi 
түсiнедi әрi дұрыс қабылдап, сiзбен тiлдесуге және қызметтес 
болуға құштар болады.
Мектебiмiзде бар құбылыс – егер бала талап, тапсырыстар-
ды қабiлетi жетпей, орындай алмаса, мұғалiм оны жерлеп 
тастайды, намысын таптайды. Ал бұл өз қадiрiн қорғай алмаған 
баланың тәрбиешiге деген қарсылығы мен өшпендiлiгiн туын-
датады. Мадағын күткен мұғалiмiне болған қарсылығын бала 
ашық жариялай алмайды. Осыдан ол тәрбиешiсiне деген 
өкпесiн жасыра, жия бередi. Нәтижеде болашақ дау-дамай не-
гiзi қаланады, ал ол соң екi тараптың да, тәрбиеге байланысты 
басқалардың да көп жүйелiк күйзелiске түсуiне себепшi бола-
ды. Мұның есесiне, құрттай да қайырымдылық болғанда – дау-
дамайға зая болған күш-қуат iзгi жасампаздыққа жұмсалған 
болар едi. 
Қазіргі заман мектебiнде тәрбие әдісiн тұлға дамуындағы 
келеңсiз жәйттердi жою, 
қайта тәрбиелеу
құралы ретiнде 
ғана тану орын алған. Ал ұнамды қасиеттер өзінен-өзi даритын 
сияқты, оған бiз мән бере бермеймiз. Бұл – оқушыны тәрбие 
үдерiсiнің нысаны ғана деп бiлуден шығып отырған үйреншiктi 
таным. Тәрбиеленушi сол үдерiстiң белсендi субъектi екенiн 
мойындағымыз келмейдi.
Әлбетте, бала мейiр, көңіл жылуы бар, өз еркiнше 
әрекеттенiп, қолдап-қуаттайтын ортаға ұмтылады. Егер бiз 
мектептi қашан да қайырымдылық ордасына айналдыра алсақ, 
ондағы шәкiрттерiмiз өздерiн ең бақытты адамдар сипатында 
сезiнер едi. Ал мектеп шуағы мен қуанышына бөленбеген 
бала – дүниедегi ең бақытсыз пенде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет