341
лады. “Мұғалiм менi түсiндi, бар болмысыммен қабылдады,
беделiмдi, даралығымды таныды” – секiлдi бала тұжырым,
сенiмi әбден орныққанға дейiн мүдделi қамқорлық қатынас
сақталады. Әлбетте, мұны сөзбен жеткiзiп болмайды.
Нақты
жағдайда тәрбиешi де, тәрбиеленушi де өзара не болып
жатқанын, қатынастың оң сипат алғанын,
алғашқы болым-
ды нәтижелерден үмiт барын iштей, үнсiз сезiнедi. Әлбетте,
тәрбиешiнің сөздік түсiнiктемесi оқушының өзi түбегейлi аңғара
алмай тұрған көп сезiмдердің мәнiн ашып алуына жәрдемiн
тигiзедi. Тәрбиешiге әбден сенiп, оны “пiр” тұтқан тәрбиеленушi
оның сөзін сескенбестен қабылдап, құптаумен болады.
Осыдан,
бала сенiмi
– өте әсерлi де қатерлi сезiм. Оның
нәрiн алған шәкiрт қапелiнде мiнез-құлығын өзгерiске келтiрiп,
жалпы өмiрге, сонымен бiрге
жеке өзіне деген қатынасын
күтiлмеген аңғарға бұра салуы ықтимал. Қатты сенген бала
өзiнің iшкi қорғанысынан ажыралады. Ендi ол бүкiлдей тәрбиешi
ықпалында. Бұл жағдайда тәрбиешi даналығы қандай болуы
қажет? Бiр ниеттердi ол қолдайды, дамытады, ал қалғандарын
тежейдi, жояды. Бала өзiнің ересек досын сынға сала алмай-
ды, себебi оған жалтақсыз сенген. Тәрбие ендi жүйке және ерiк
тайталасы емес, өмiр жолындағы бiрліктi қадам.
Сенiмдi арқау еткен қатынастар өз пәрмендiлiгiмен
адамаралық байланыстардың
қай-қайсысынанда жоғары
тұрады. Бала өз досы – тәрбиешiге барша жан дүниесiн: ой,
сезiм, толғаныстарын – айқара жайып салады. Дегенмен,
өкiнiштiсi, бұл өте сирек ұшырасатын жәйт – тiптi өз анала-
рына балалардың төрттен бiрi ғана толық сенiм бiлдiредi
екен. Тәрбиешi өзiнің сенiмге
тұрарлық екенiн дәлелдеп,
бала сүйіспеншiлiгiне бөленуi қажет. Бұған жеткiзетiн – ашық
көңілдiлiк, шынайылылық, қайырымдылық таныту, шын
пиғылмен мүдделi қызықсыну,
балаға деген құрмет және
сыйластық қатынас. Сенiмдi қатынас бекiп, орнығуы үшiн, бала
өз тәрбиешiсiнің қай жағдайда да оны қатерден қорғайтынына,
оған қарсы шықпайтынына шүбә келтiрмеуi тиiс.
Сонымен бала көңілiн түсiну – гуманист-педагогтың
алғашқы таным әрекетi. Гуманистiк тәрбиеде маңызды мiн-
дет - жеке-дара ерекшелiктердi зерттеп тану емес,
тұлғаны
тұтастай қабылдай бiлу. Тұтастай қабылдауда басты назарға
342
алынатын жәйт тұлғаның өзектi құрылымдары, олардың мiнез-
құлық пен iс-әрекеттегi көрiнiсi. Ең алдымен талдауға түсетiн
тұлғалық ерекшелiктер – баланың өзіне деген қатынасы, оның
бағыт-бағдары, қажеттерi мен сеп-түрткілерi. Бала бойындағы
еленбес бiтiстердi әсiрелеп үлкен қорытындылар жасауға бол-
майды. Баланы бағалауды сіңiрлi өлшем – шектерден (эталон)
сақтанған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: