338
– бала көңілi мен сезiмiн түсiнiп,
онымен бiрге толғанысқа
келу, өз көңілiн орынды бiлдiре алу;
– тәрбиеленушiлер қабылдауы мен бағамында өзiнің педа-
гог ретiнде қай дәрежеде екенiн түсiнiп, оған сай әрекетке ке-
луi;
– тәрбиеленушiлердің сыртқы кейпi мен iшкi жан дүниесiн
тануда педагогтар тарапынан жиi жiберiлетiн типтiк кемшiлiк-
тердi бiлу;
– тәрбиелiк ықпалдар нәтижесiнде болатын өзгерiстердi
салыстыруға қажет бағалау сипаттамаларын қолдана бiлу.
Көңіл шарпулары
(эмоции), дәлiрек айтсақ, олардың сырт-
тай көрiнiсi зерделi адамға бала жөнiнде көптеген айғақ бередi.
Тәрбиешi оларды дұрыс “оқып” үйренсе жеткiлiктi: бала жанын
түгелдей
болмағанымен, жартылай танып алатынына шүбә
жоқ. Эмоционалдық қалыптың сырттай шарпуы –
экспрессия
деп аталады. Ым-ишара, қозғалысты белгiлер, сөйлеу екпiнi
мен қарқыны тәрбиешiге көп нәрсенi баян етедi.
Бала қалпы
мен оның сырттай көрiнiсi психологияда толықтай сипатталған.
Кiшiгiрiм жаттығудан кейiн-ақ, жас педагогтың өзi де бала ым-
шарасының не бiлдiретiнiн (қуаныш не қайғы, қорқыныш не
ашу, таңдану не салғырттық) аңғаруы мүмкін. Бiрақ, әдетте,
алғашқы назар аударылатын нәрсе – баланың жалпы кейпiнің
қай жағдайда екендiгi,
яғни абыржыған, сабырлы, күйзелiстi
болуы. Абыржыған адам белгiлерi: дауысы көтеріңкi, дiрiлдi,
ащы, қатты толғанысты, сөйлеу екпiнi мен қарқыны тез ауы-
сады, сөйлеу
барысында iркiлiс болмайды, айтар сөздерi
бiрi-бiрiне жанаспайды. Тiптi кейде қатерленiп, сасудан ай-
тайын деп тұрғанын ұмытып та қалады. Ым-ышарасы мен сөз
(сөйлеу), сөйлеу екпiнi дене қимылдарымен (қол сермеу, бас
изеу, шайқау ж.т.б.), тұрпатпен,
киiм-кешек қалпымен толыға
түседi. Байыпты, еркiн тұрпат байсалдылықты танытса, қызулы
кейiп – толғаныс, күйзелiстi бiлдiредi.
Мұғалiм сол мезетте-ақ барлық көргенiн есіне түсіредi,
бiрiктiредi, ой сарабына салып, мәнге келтiредi. Баланың
әрекет-қылықтарын, сөйлеген сөздерiн, көңіл шарпуларын бiр
тұтастық элементтерi ретiнде өзара байланыстырып, оның iшкi
жан дүниесiн түсiне, онда байқалған сеп-түрткілер,
көзқарас-
бағдар, рухани-мәдени бағдар, қабiлеттер мен мүмкіндiктер
339
мәнiн ашуға тырысады. Бiрақ бұл жеткiлiксiз. Егер мұғалiм өте
әдемi қорытындылар жасап, баланың iшкi қалпын қалтықсыз
танып, алайда сырттай
бақылаушы болып қалатын болса,
оның балаға көмегi шамалы. Тәрбиеленушiнi
Достарыңызбен бөлісу: