Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет250/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

балалыққа қайта ену.
Сонда ғана ол тәрбиеленушiнің не-


335
лiктен олай емес, бұлай әрекетке келгенiн, не себептi ол тап 
осындай, басқаша емес екендiгiн түсiнедi. Балалардың бiр-
бiрiне таңырқағанын көргеніңiз бар ма?
Баланы қабылдаудың негiзi – 
табиғи сәйкестiк
принципi 
талаптары. Бұның мәнi – педагог баланы табиғатынан, бұдан 
бұрынғы отбасындағы және бала бақшадағы тәрбиесiмен 
қандай болып жетiлген болса, солай қабылдайды. Бұл принциптi 
ұстанудан баланы жекеленген мiнез бiтiстерi тұрғысынан емес, 
бойына сіңген бар қасиеттермен 
тұтастай қабылдаған 
жөн. 
Әлбетте, педагогтың бала мiнез бiтiстерiн бiлгенi қажет, бiрақ 
оның қатынасқа келетiнi бөлектенген ақыл, ерiк не көңіл күй 
емес, соның бәрiн бiрiктiре қалыптасқан тұтастай тұлға. Қай 
бала қандай болмасын өзiнше даралық және қызықты дүние. 
Балаға деген қызығушылық сол баланы түсiнуге бағытталған 
ниеттi оятады. Егер педагог өз шәкiртiнде қайталанбас өзіндiк 
ерекшелiк байқай алмаса, ол оны тәрбиелей алмайды. 
“Тiрек 
тұғыр” 
таппаған педагог өз оқушысымен байланыс қатынасқа 
келе алмайды.
Баланы тұтастай қабылдағанның бөлектеп, “мөлшерлеп” 
қабылдағаннан айырмашылығы көп. Жас ерекшелiктерi мен 
даралықтарын зерттеуде осы баланы бөлшектеп тану бiздің 
мектебiмiзде басымдау болып тұр. Әлбетте тұлғаны пұштарлап, 
кейiн оның ерiк-мiнезiн, температментi мен қабiлеттерiн өз ал-
дына қабылдау қиын емес, бiрақ, өкiнiшке орай, бөлшектенiп 
ажыралған сапа-қасиеттердің басын бiр тұтас тұлға бойы-
на жинақтап ендiру мүмкін емес. Шым-шытырық әдістер 
көлеңкесiнде адамды жоғалтқан бүгiнгi дәуiр психологизмiнің 
қасiретi бұл. Бiрдеңенi бiлгендеймiз, бiрақ ешнәрсенi түсiне 
алмаймыз, нәтижеде – нақты баланың жекеленген ерiк, мiнез 
немесе ойлау көрсеткiштерiнен қолға ұстарлық бүтiн дерек ала 
алмаймыз. Ұзыннан ұзақ, барша тарапын қамтыған психология 
– педагогикалық бала мiнездемесiн жазып, босқа уақыт сарп 
етемiз, ал одан келер пайда жоқтың қасы.
Бұл жағдайға уақытында көрегендiкпен Я.Корчак назар 
аудара бiлген: “Жалған, жасанды нақтама барша “қолайсыз” 
– етi тiрi, өз қадiрiне сай менмендiгi бар, сындарлы ақылға ие, 
бiрақ адал да аңғал балаларды өкпелi, жабырқау, томсырайған, 
жеңiлтек, кiм болса, соның жетегiнде жүргендермен қоса, топ-


336
тай саламыз. Пiсiп жетiлмеген, қарабайыр, үстiрт көзқарастан 
болмысынан үмiт күттiретiн бала сирек болса да, кездесiп 
қалатын қарақшылардан, жаман нышандарға бой алдырған 
балалардан ажыратыла қарастырылмайды”.
Тұтастай қабылдауда тұлғаның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет