Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет258/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

сүйіспеншiлiк
. Егер 
тәрбиешiде осы имандылық сезiмi болмаса, ешқандай кәсiби 
шеберлiк күйгелек те қыңыр, қиын баланы қабылдата алмай-
ды. Балаға деген педагогикалық мейiр ұстамды және байсал-
ды болуы қажет деп бiлемiз, бiрақ олардың шектерi қандай 
болмақ – ешкiм де анықтап айта алмайды. Дегенмен, анығы 
– баланы сүйе бiлген педагог қана оны ұтымды тәрбиелей ала-
ды, себебi бұл iстегi құралы тек ақыл емес, ол жүрек сезiмiн де 
ортаға салады.
Балаға болған мейiр 
әдiлдiк
арқылы өтедi. Қандай да өтiрiк, 
келеңсiздiк бала көңілiнен таса қалмайды. Әдiлдiк пен адалдық 
- бала жанының азығы. Мұғалiм, тәрбиешi әдiлетсiздiгi балаға 
ауыр соққы. Тәрбиешiден толықтай ақылды да адамгершiлiктi 
болуды талап ету мүмкін емес, бiрақ әдiлеттi болу оның табиғи 
да кәсiби парыз – мiндетi. 


346
Егер балаға қойылған талап әдiлетсiз, орынсыз жоғары 
не төмен болса, егер оны үздiксiз қаралай берсе, әлбетте, 
мұндай қатынастан балада наразылық қарсылығы өрбидi. 
Көрiнген iсi мен қадамынан күнi iлгерi қорқып, қай әрекетiнен 
де өзiндiк қанағат таппайды. Бұл бала белсендiлiгiн байлайды, 
өз қателiктерi мен күйзелiстерiнен арыла алмайтын жағдайға 
әкеледi. Баланың бiр-ақ тiлегi – оны адам секiлдi қабылдап, 
сыйласа екен – буыны қатпаған жастың өмiр арқауы. Қабылдау 
талап қоя бiлу мен принципиалдыққа негiзделедi. Ал бұлардың 
iске асуы ұнамды қатынас пен ниеттi жәрдем жағдайларына 
тәуелдi. 
Толық әрi қалтқысыз қабылдау бала күйзелiсiн бәсеңдетедi, 
соңынан бiржола одан құтқарады, тәрбиеленушiнің өз болмы-
сын шынайлылықпен тiктеп, барынша көрсете алуына, өзiн-өзi 
реттеуге қажет еркiндiгiн пайдалануға мүмкіндiк бередi. Өкiнiшке 
орай, тәрбиеленушiге деген мұндай қатынас көптеген педагог-
тар санасында орнықпай жатыр, себебi бiз “баланың тәрбиесiн 
басқармаса, болмайды” деген ережеге сiресе, таңылғанбыз.
Әлбетте, бiр оқиғаға болған тәрбиешi мен тәриеленушiнің 
көзқарасы әрқилы, себебi екеуiнің арасында орасан жас және 
тәжiрибе айырмашылықтары жатыр. Сондықтан тәрбиешi 
қандай да бала қылығына деген пiкiрiн шыдамдылықпен 
түсiндiре бiлуi орынды. Сонда ғана тәрбиеленушi өз 
тәрбиешiсiнің талабын орынды түсiнедi, оның өмiрлiк қажеттiк 
екенiн ұғынады. Көзқарастар айырмашылығы тәрбиешi мен 
тәрбиеленушiнi қандай да мiнез бiтiстерiн саналы байыптау 
қажеттiгiн түсiнуге жетелейдi. Осындай түсiнiмнен бала алдағы 
iс-әрекеттің мәнiн жете ойланып, оны қабылдайды, кейiн сол 
әрекеттi дұрыс бағытта орындауда ат салысады.
Тәрбиешi өз шәкiртiн сүйiп, қабылдайтынын нақты көрсетуi 
қажет пе? Бұдан бала оның “басына шығып, мойнына отырып” 
алмай ма? Әлбетте, мұндай қауiп бар. Бiрақ ағайынгершiлiк 
(панибратство) пен үлкендi елемеу шынайы сүйіспеншiлiк пен 
сый-құрмет болмаған жерде, арадағы қандай да жалғандықтан 
болады. Мейiрлi тәрбиешi, әке мен шешесi құсап, өз шәкiртiн 
орынды жерiнде достық пиғылмен “сiлкiлеп” алғаны да жөн. 
Бұл тек ортадағы үйiршеңдiктi нығайта түседi. Мұндай ес-
кертпенi дұрыс түсiніңiз. Әмiршiл педагогикада балаға бұлай 


347
ықпал жасау – үлкен қылмыс. Қисынсыз көзқарас: тәрбиешi 
баланы “тәрбиелеймiн” деп қандай да билiк жүргізуге құқылы, 
ал өз досыңды кiшкене “құлағынан тартып” орнына келтiрiп 
қою – педагогикалық кiнә. Егер бала ересектердің өзiн толық 
сүйетiнiне, сыйлайтынына сенсе, атаның жұмсақ шапалағы, 
дос тәрбиешiсiнің жеңiл шымшуы оған ешқандай зиян кел-
тiрмейдi.
Болашақ тәрбиешiлердi сақтандыратын жәйiт – ешнәрсе 
өздiгiнен келмейдi, бәрiне де бiз араласуымыз қажет, сонда 
ғана бала және онымен қатынас ұнамды өзгерiске түседi. Топ-
тар, сыныптар ауысады, балалар, ата-аналар, жағдай, теория-
лар, әкiмшiлiк, елдегi жағдай өзгередi – дүниеде қатып қалған 
ешнәрсе жоқ. Осыдан әр уақыт өзіңiзге өзіңiз назар қойып, 
төмендегi сұрақтарға жауап iздеудi әдетке айналдырыңыз:
1. Тәрбиеленушiлерiм менi қалай бағалайды?
2. Менің сүйіспеншiлiгiмдi олар сезе ме?
3. Маған шәкiрттерiм сене ме?
4. Оларды түсiнетiнiм жөнiнде ойлана ма?
5. Менің өздерiнің досы ретiнде тануына негiз бар ма?
6. Әдiлмiн бе?
7. Менің оларға болған қатынасым ұнай ма?
8. Олардың да мендей болып тiлдесiп, қатынасқанын қалар 
ма едiм?
9. Оларды тәрбиелегенiмдей етiп, менi де тәрбиелегендi 
қалар ма едiм?
10. Қандай тақырыптар жөнiнде олармен әңгіме жүргізе ал-
маймын? Не себептi?
11. Менің оларды түсiнiп, қабылдағанымды сезiне ме? 
12. Олар күйзелiсi неден?
13. Олар толғаныстарының мәнiн мен түсiне бiлемiн бе?
Ал ендi алдыңыздағы баланы болмысымен қабылдауға 
қаншалықты дайын екендiгіңiздi тексерiп бiр көріңiзшi. Баланы 
қабылдаймын десеңiз – белгiлеңiз:
– баланы көрiнген қылық жасауға құқылы екенiн мойын-
даймын;
– балаға өз болмысына сай қылық көрсетуге рұқсат бе-
ремiн;
– оның барша сезiм, ой, толғаныстарын сыйлаймын;


348
– оны тыңдап, түсiнуге әрi жақсы көруге дайынмын;
– өз шынайлылығыма ақау келтiрмей, қай жағдай да бала-
ны қолдауды дұрыс деп бiлемiн;
– балалар мен үлкендердің дүниенi бағалауы әрқилы де-
генге келiсемiн;
– балаларды қажеттi түсiнiмге келтiрiп, өз ой, пiкiрлерiмдi 
олармен бөлiсуге дайынмын;
– тәрбиеленушi 
бағыт-бағдарын, 
көзқарасын 
құрметтеймiн;
– балалардың күш-қуаты мен мүмкіндiктерiне сенемiн,
– жаңалықтар мен озат тәжiрибе топтауға әрқашан 
құштармын.
Сонымен, бала болмысын қабылдау дегенiмiз – бұл оның
өзіне, ойына, сезiмiне, толғаныстары мен қылықтарына сый-
құрмет. Балаға құнды болғанның бәрiн сыйлай отырып, 
тәрбиешi шәкiртiне өз сүйіспеншiлiгi мен мейiрiн танытады, оны 
бағалай бiледi. Бұл әруақытта тәрбиенің нәтижелi болуының 
кепiлi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет