345
су болған жерде орынғады. Тәрбиешiнің
мейiрмен иығынан
қаққаны, жылы назары мен үнсiз қолдауы балаға қуат бередi,
сенiмiн арттырып, қиыншылықтар мен кедергiлердi жеңуге
жәрдемдеседi. Баланың
толқыған байланыссыз сөзін, ұзын-
шұбай ақтарылған өкпесiн шын ызалы сезiм буырқасынына
шыдап, тыңдай бiлу – тәрбиешi мiндетi. Көңілiндегiнің бәрiн
айтқызып, баланың өз сабасына келуiне мүмкіндiк бередi.
Бүгiнгi мектеп қатынастары баланы шартты қабылдауға не-
гiзделген. Оқушы ұдайы келесiдей ескертулердi тыңдауына тура
келедi: “Егер сен…, мен сенi сыйлаймын”, “Мен сенiмен доста-
самын, бiрақ сен…”. Нәтиже бір балада өзіне, төңірегiндегiлерге
болған қате көзқарас қалыптасады. “Әй,
мен осы ешкiмге де
жақпадым-ау” деген ой оның астар санасында бекiп, мазалай-
ды. Себебiн табуға шамасы жетпейдi, ересектер ашып айтпай-
ды. Осыдан бала өзiндiк бағаны кемiтедi, өзiн-өзi жек көре бас-
тайды. Басқалар қабылдамауының салдарынан болған өзiндiк
жек көру – жеке тұлға үшiн өте ауыр күйзелiс. Мұндай жағдай
жүйкелiк сырқаттарға соқтырып, сенiмсiздiк пен шарасыздыққа
тап қылады. Бүгiнгi қабылданбаған бала – ертеңгi қоғамнан
аласталған ересек, мейiр мен қайырымдылыққа қанықпаған,
өзiн
мәңгі айыпты деп сезiнген, мейiрiмсiз әрi «әпер-бақан»
адам.
Баланы қабылдаудың негiзi –
Достарыңызбен бөлісу: